5
5-сабақ
Лексикалық тақырып: Менің мамандығым
ı (й), ý (у) әріптерінің емлесі
Менің мамандығым
Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
ı (й), ý (у) әріптерінің емлесі
§6. ı (й), ý (у) әріптері төл сөздерде дара дауыссыз дыбыс ретінде таңбаланады: aı, úı, oıshyl, aý, sáýkele, demeýshi, qaýyn.
§7. Айтылудағы уı (ый), іı (ій) дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында ı әрпімен жазылады: ıgilik, ınelik, ınabat, ıman; kıim, tıin, tıyn, mıras, sıa, sıaqty; bı, álipbı, tarıhı.
Е с к е р т у. Қосар уı (ый) әріптері тек sуı (сый), tуı (тый) сөздерінде (оларға қосымша жалғанғанда да) жазылады: sуılyq, sуıymdylyq, sуıý; tуıym, tуıylý, tуıý.
ıy, ıi әріп тіркестеріне аяқталған етістікке көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда, екі ı әрпі қатар жазылады: baııdy, keııdi, moııdy.
Достарыңызбен бөлісу: |