Сабақ Лексикалық тақырып: Мемлекеттік тіл Грамматикалық тақырыбы : Латын әліпбиінің тарихи кезеңі Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауызекі сөйлеуге қалыптастыру. Жұмыс жоспары



бет8/35
Дата28.03.2023
өлшемі0,61 Mb.
#76821
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
Латын жазуы китап

Түбір сөздердің емлесі
Қазақ тілінде түбір сөздер тіл үндесімі бойынша жазылады.
§11. Сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесіммен жазылады: azamat, yntymaq, bosaǵa, turmys; ásem, memleket, izet, úmit, sóılem.
Е с к е р т у. Кейбір кірме сөздерде үндесім сақталмай жазылады: quzіret, qudіret, muǵalim, qyzmet, qoshemet, aqіret, qasıet, qadir, kitap, taýqіmet, qazіret.


8-cабақ


Достық.
Түбір сөздердің емлесі
Достық – ұлы сезім

Достық адамдардың бір-біріне қарым-қатынасын білдіретін әлеуметтік ұғым.


Дос – еңсесі биік пана, мызғымайтын тас қамал, нәр суы сарқылмас берік қорған. Дос – таусылмайтын рахат, қызық, еселей түскен шаттық, той-думан көркі. Дос – жүректің шамшырағы, көздің қарашығы, медеткер тірегің. Дос – басыңа ауыр күн түскендегі таянышың, ауырып-сырқасаң жанын қияр серігің.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.


§12. Сөздердің, сондай-ақ сөз тіркесіндегі жеке сөздердің негізгі тұлғасы сақталып жазылады: qulyn (qulun емес), júzim (júzúm емес), kóılek (kóılók емес), júrek (júrók емес), oryndyq (orunduq емес), kók oramal (kóg oramal емес), aq ala (aǵ ala емес), aq aıý (aǵ aıý емес); bara almaımyn (baralmaımyn емес), barsa ıgi edi (barsıgedi емес), baryp pa eken (baryppeken емес), kele jatyr (kelatyr емес).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет