Сабақ Лексикалық тақырып: Мемлекеттік тіл Грамматикалық тақырыбы : Латын әліпбиінің тарихи кезеңі Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауызекі сөйлеуге қалыптастыру. Жұмыс жоспары



бет4/35
Дата28.03.2023
өлшемі0,61 Mb.
#76821
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Латын жазуы китап

j, sh мен ı әріптерінің арасындағы а дыбысы жіңішке айтылғанымен, жазуда а әрпі таңбаланады: jaı, jaılaý, jaıly, shaı, shaılyq, shaılaný.
Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптер: b, d, f, g, ǵ, h, ι, j, k, l, m, n, ń, р, q, r, s, t, v, ý, z, sh, ch.
§3. b, g, d, f, h, j, к, l, m, n, p, q, r, s, t, v, z, sh, ch және ı, ý (§6, §7, §9, §10) әріптері сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады: baılyq, kóbelek, arab; gúl, kógal, pedagog; dáýlet, baǵdar, asteroıd; fılosofıa, múftı, paragraf; hıkaıa, qahar, tarıh; jospar, ereje; muqtaj; kúmis, shekpen, berik; lebiz, alash, táýekel; máńgilik, qaımaq, ǵalym; namys, kóne, dastarqan; parasat, kópir, talap; qurmet, maqtanysh, bolashaq; rýh, ertegi, ómir; saıasat, kelisim, aıtys; tabıǵat, qatal, sáýlet; vırýs, avtor, rezerv; zerde, bilezik, qundyz; shańyraq, búrshik, qylysh; chempιon, kaýchýk, senvıch; ıgilik, jıyn, saı; ýaqyt, áleýmet, taý.


4-сабақ
Білім. Университет білім ордасы. Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі.


Университет – білім ордасы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ірі жоғары оқу орны, ғылым орталығы және мәдени-гуманитарлық мекеме ретінде пайда болуы, қалыптасуы және кейінгі дамуы аймақтың өндіргіш күштерінің, оның экономикасының қарқынды өсуінің, соңғы он жылдықта өткен әлеуметтік және мәдени процесстердің объективті және адекваттық көрінісі болып табылады. Университет сертификациялық аудиттен өтіп, ИСО 9001:2000 және IQNet Халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестілігі жөніндегі сапа сертификаттарын иеленді. Оқытудың кредиттік технологиясы енгізілген. Университетте аймақ, республика және әлемдік кеңістік экономикасының барлық салаларына, ғылымы мен мәдениетіне арналған мамандар даярланады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті республикамыздың жоғары білім беру саласының ең жарқын брендтерінің бірі болып табылады. Үстіміздегі жылы жоғары оқу орындарының жалпы рейтинг бойынша Қазақстандағы құрметті үшінші орынды және ұтып алған гранттар саны бойынша да үшінші орынды иеленіп отыр. Оңтүстік аймақта ОҚМУ - оқытушылар мен студенттер құрамындағы ғылым, спорт, музыка және шығармашылық жұлдыздар саны бойынша, сонымен бірге әлеуметтік-тәрбиелеу жұмысының жоғары деңгейі бойынша да сөзсіз көшбасшы.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ - көп салалы білім беру мекемесі. Ректордың бастамасы бойынша 2006 жылы ұйымдастыру-құрылымдық қайта құру өткізілді. Соның нәтижесінде оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбиелеу мәселелерін шешуде кең өкілеттіліктер берілген 10 институт құрылды.
Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті - Қазақстан Республикасының ірі және көп салалы университеті, аймағымыздың инфрақұрылымының дамуы мен қалыптасуына, халықаралық қоғамдастықтағы интеграция мен жаһандану үрдістеріне белсенді қатысатын ғылыми-білім беру, интеллектуалдық, мәдени орталығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет