Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет3/64
Дата20.09.2023
өлшемі216,16 Kb.
#109118
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

3. Жас ерекшелік физиологиясы
Физиология ғылымының көптеген салаларымен тығыз байланысты және басқа да биологиялық ғылымдардың мәліметтерін кең пайдаланады. Физиология медицина мен ветеринарияның, жалпы биологиялық сипаттағы қолданбалы ғылым салаларының ірге тасы. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы, психологиялық- педагогикалық ғылымдар негізін құрады және балалардың аурулары мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриядан бөлінбейді. Онан басқа, балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы бірқатар дәл (физика, биология, биофизика, химия, метеорология) және әлеуметтік ғылымдармен, олардың денсаулықты қорғау ұсыныстарымен де байланысты. Осының арқасында өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері, ортаның табиғи факторларымен тығыз байланыста қаралады: диалектикалық тәуелділік ашылады және өсіп жетілетін организмнің формалары мен функцияларының қалыптасу процесі баяндалады.
Жас ерекшеліктер физиологиясы философия ғылымының көптеген салаларымен тығыз байланысты және басқа да биологиялық ғылымдарының эмбриология, генетика, цитология, биохимия мәліметтерін кең пайдаланады. Сонымен қатар жас ерекшеліктер физиологиясы мәліметтерін педиатрияны, балалар травматологиясы мен герентологиясы, генетиканы, психология мен педагогиканы кең дамыту үшін қолданылады.
Жасқа байланысты физиология бірнеше зерттеу әдістері бар: бақылау, табиғи, лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия.
-бақылау әдісі- сыртқы ортану танудағы негізгі әдіс. Балалардың миының қызметін зерттеген кезде басқа зерттеу әдістерімен бірге организмнің жас ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі;
-табиғи тәжірибе- табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты жағдайда қолдану. Мысалы: баланың көру қабілеттерінің өзгеруін тексеру үшін оның көру талдағыштарының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтаған кезде анықталады.
-лабораториялық тәжірибе- зерттеуші тәжірибені арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгертіп өзгеріс тудырып, сан мен сапасын анықтайды;
-функциялық жүктеме (сынау)- бала ағзасының мүшелерінің қызметін, оған мөлшерленген функциялық жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайларды анықтайды. Дене қызметінде жүктемені дәлірек анықтау ретінде эргометрия, эргометр аспабы қолданылады, жүктеменің мөлшері дәл анықтау.
-телеметрия әдісі- радиотехникалық импульс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен қашық жерде тұрып анықтау. Бұл әдісті қолдану ойын, оқу, еңбектену кезінде зерттеуге мүмкіндік береді.
-антропометрия әдісі- балалар мен жас өспірімдердің өсуін дененің физикалық көрсеткіштерін өлшеу әдісі арқылы зерттеу. Бұнда бала бойынша кеуде шеңберін 3 жағдайда (дәл алғанда, дем шығарғанда, тыныштық кезінде), баланың басын шеңберін сантиметр лентамен дене салмағын таңертең ұйқысынан тұрған соң
Жасқа байланысты физиологиялық әдістердің нәтижесін электрондық есеп аспаптарымен, математикалық статистика әдістерімен есептеп шығарады. Бұл әдістерді пайдалынып мектеп гигиенасы түрлі жағдайлардың бала организміне әсерін анықтаймыз.
И.П.Павлов тәрбие беру теориясы мен практикасы үшін физиологияның үлкен маңызы бар екенін атап айтқан. Балалар мен жасөспірімдер организмінде органдардың құрылысы мен қызметінде ересек адамдармен салыстырғанда ерекшеліктер бар. Себебі балалар өз өмірінің әр түрлі кезеңдерінде көп өзгереді. Осы өзгерістерді, ерекшеліктерді білу, оны тәрбие жұмыстарында тиімді пайдалану әрбір мектеп маманының міндетті ісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет