ІІ. Үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:
Неліктен заттың қайсыбір мөлшерінің жылу сыйымдылығы онда өтіп жатқан процеске тәуелді?
Неліктен тұрақты қысым кезіндегі жылусыйымдылықтың әрқашан тұрақты көлем кезіндегі жылусыйымдылықтан артық болатынын түсіндіріңдер.
Изотермалық процесс кезіндегі, адиабаталық процесс кезіндегі жылу сыйымдылықтардың мәні неге тең?
Идеал газдың бір ғана массасын бірінші ретте тұрақты қысымда, екінші ретте тұрақты көлемде 10С-қа қыздырды. Қай жағдайда жылу мөлшері көбірек болады?
Адиабаталық ұлғаю кезінде идеал газдың температурасы қалай өзгереді?
Адиабаталық оқшауланған газ теріс жұмыс атақарсын. Осы кезде оның ішкі энергиясы қалай өзгереді? Жүйеге берілген жылу мөлшері әрқашан оның температурасын арттыра ма? Неліктен?