Сабақ:
|
|
|
Мектеп: №26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебі
|
Пән: қазақ әдебиеті
|
|
|
|
Күні : 5.12.2022
|
|
|
Мұғалім: Н.Ерназаров
|
Сынып: 8 «г»
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
|
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
|
|
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
|
|
8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау
|
Сабақ мақсаты:
|
|
|
Өлең композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды.
|
Құндылықтарды игерту:
|
|
|
«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
НЗМ құндылығы:
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.
|
Пәнаралық байланыс:
|
|
|
Тарих, әдебиет теориясынан алған білімдерін еркін қолданады.
|
Бағалау критерийі:
|
|
|
Өлең композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдай алады.
|
Дескрипторлар
|
|
|
Өлең мазмұнын жете меңгереді;
Көтерген тақырыбын, негізгі идеясын анықтап, өз пікірін білдіреді;
Ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, сыни пікір білдіреді.
|
|
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
3 мин
|
Қызығушылықты ояту
«Ең зейінді»
Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.
Топқа бөлу
|
Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.
|
Ауызша мадақтау
|
|
Сабақтың ортасы
4-14 мин
15-25+3 мин
29-33 мин
34-40мин
|
Мағынаны тану
1-тапсырма ТЖ.
Оқушылар шығарманың жанрын түсіну үшін өлең үзіндісін өлең құрылысына талдайды:
1-топ
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық!
2-топ
Тапқан іске таласпай, шын көнелік!
Жұртқа күлкі болмалық, жөнделелік!
Арамдықпен, алдаумен күн өткізбей,
Өтірікке өлгенше, шынға өлелік!
3-топ
Құрбыласы қулық пен айла баққан,
Олардан алдамшы деп көңлі қайтқан.
Енді бізге ақылын көрсетіп тұр,
Алушы жоқ па екен деп жастар жақтан.
4-топ
Алмасақ үміт үзер тағы жастан,
Өлсек те, ұмтылалық осы бастан.
Өткізе алмай, еліне қайтса көшіп,
Қаламыз асыл түгіл ине алмастан.
Авторы
Тақырыбы
Идеясы
Шумақ
Бунақ
Буын саны
Ұйқас түрі
2- тапсырма ЖЖ.
Талдау
|
Жетістігі
|
Ұсыныс
|
Өлеңнің идеясы мен көтерген тақырыбы
|
|
|
Образдар қатары мен кейіпкерлер жүйесі
|
|
|
Уақыт пен кеңістік
|
|
|
Көркем тіл мен баяндау
|
|
|
Үзіндінің эмоциялық әсері
|
|
|
Комментарий
|
|
|
3- тапсырма Ж.,ЖЖ., ТЖ.,С. «Серпілген сауал» әдісі
Оқушылар сабақтан алған білімдері бойынша пікір алмасады.
Пікір алмасу сұрақтары:
Автордың композиция құру шеберлігі туралы ой(лар)ыңыз қандай?
Өлеңнен қандай әсер алдыңыз(дар)?
Өлеңнен оқығаныңыз бен өмірден тоқығаныңызды өмірде қалай байланыстырар едіңіз(дер)?
Жұбымен, тобымен талдап болған соң, топ орталарынан таңдаулы оқушыны шығарады. Оқушы топтың ортақ пікірін қорғайды. Топтар бірін-бірі ауызша бағалайды.
|
Үзінділерді құрылысына қарай талдайды
Оқушылар жұпта Ш. Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі үзіндісінің композициялық құрылымын талдайды. Жұмыстарын топтағы басқа жұппен алмастырып, 2-жұптың жұмысына комментарий жазады. Комментарий жазу үшін төмендегі кестені басшылыққа алады:
|
Қалыптастырушы бағалау.
Дескриптор:
1) Өз көзқарасын білдіруде шығарма үзінділерін орынды қолданады;
2) Шығарма үзінділерін өлең құрылысына талдай алады.
Бағалау: әр топ өз жұмысын қорғап болған соң, мұғалім оқушыларға кері байланыс беріп отырады.
Қалыптастырушы бағалау.
Мұғалім қорытынды жасап, ең үздік топ жұмысын атап, ауызша бағалайды.
|
http://bilim-all.kz/olen/375-ZHastarga
|
Үйге тапсырма
|
Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау. «Жастарға» өлеңінде берілетін жақсы қасиеттер өз бойымызда бар ма? Ойтолғау жазу.
|
|
|
|
Сабақтың соңы
40-45 мин
|
БББ әдісімен сабақты қорытындылайды, өзіндік рефлексия
|
БББ әдісімен сабақты қорытындылайды, өзіндік рефлексия
|
БББ әдісімен сабақты қорытындылайды, өзіндік рефлексия
|
|
|
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
|
|
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
|
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.
Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.
|
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.
|
|
|
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?
Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?
Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?
Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?
|
Оқушылар «Қызығушылықты ояту» сатысында «Ең зейінді» жаттығуы арқылы өздерінің есте сақтау қабілеттерін дамыта алады. Оқушылар тұтастан бөлшекке қарай талдау барысында өлең құрылысын; композициялық құрылымын талдайды. Бөлшектен тұтасқа қарай талдау мақсатында «Серпілген сауал» тапсырмасын орындайды. Тұтастан бөлшекке қарай талдау барысында мұғалім қабілеті төмендерге қолдау көрсетеді. Қабілеті жоғары оқушылар
«Серпілген сауал» тапсырмасында өз мүмкіндіктерін көрсете алады.
|
Өлең құрылысына талдау тапсырмасы бойынша әр топ өз жұмысын қорғап болған соң, мұғалім оқушыларға кері байланыс беріп отырады. Өлеңнің композициялық құрылымын талдағанда әркім жұбының жұмысын комментарий жазу арқылы бағалайды. «Серпілген сауал» тапсырмасынан кейін топтар бірін-бірі ауызша бағалайды. Сабақ соңында мұғалім қорытынды жасап, ең үздік топ жұмысын ауызша бағалайды.
|
|
|
Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту үшін мұғалім психология пәні мұғалімімен кеңесіп, «Қызығушылықты ояту» сатысында пайдалы тренинг өткізе алады. Жұмыс барысында,
оқушылардың бір-біріне бөгет жасамаулары қпдағаланады.
Осы сабақ барысында:
Өмір бойы білім алу.
Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;сияқты НЗМ құндылықтарын дамытуға мүмкіндік бар.
|