1. Наурыз сөзі парсы тілнен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (жаңа жыл)
2. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын ата.(домбыра, жетіген, қобыз ...)
4. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесіңдер?(тұсау кесу, бесікке салу, сырға салу, ....)
5. Наурыз тілек деген не? (бата беру, тілек айту)
6. Қазақтың ұлттық ойын түрлерін атап беріңдер.(соқыр теке, бәйге, асық)
7.Наурыз мейрамы қай мезгілде тойланады? (көктемде)
8.Наурыз көже қалай жасалады?
(7 немесе 9 тағам түрі)
Жастар алтыбақан маңына жиылады. Барлығы ән салып, ұлттық ойындарға қатысады. Жігіттер күш сынасып, ат жарысында шеберліктерін көрсетеді. Ақындардың айтысы тамашаланады. Бұл қазақ халқының ұлттық дәстүрі.
III тур «Салтын сүйген, халқын сүйер»
1.Ат қою
2.Бесік той
3.Тұсау кесу
4.Шашу
5.Бет ашар
6.Атқа мінгізу
7. Бата беру
Сен наурызкөже дайындауды анаңнан үйренесің. Бұл тағамға қосатындарды бірге таңдасасың. Сен ол тағамдарды атап бере аласың ба?