7. Әртүрлі оқушыға жеке қарым-қатынас амалын ойластыру: білім алуда кеткен олқылықтарын толтыру, қателіктерді алдын алу және т.б.
8. Сабақ жабдықтарын даярлау. Оқуға қажетті көрнекі құралдарды, аспаптарды және т.б. тізімін жасау керек. Барлық жаңа материал тірек конспекті ретінде тақтада қалу үшін сынып тақтасының түрін, сондай-ақ оқушылардың тақтада және дәптерде орындайтын жұмыстарын ойластыру.
9. Үй жұмысының мазмұнын, көлемін және формаларын анықтау. Оларды оқушыларға үйрету тәсілі мен орындау жөніндегі ұсыныстар
САБАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мұғалімге байланысты берген төмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаған жөн:
• жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;
• тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару;
• сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау;
• қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын оятатын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп үйрету;
• баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты салыстыру, ұқсастыру тәсілдер арқылы оңтайлы оқытуды жандандыруға тырысу;
• алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек;
• өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пәніне өзі де ынталануы, өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді.