III. САБАҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР: • қалыпты температуранық болуы;
• ауаны тазартып түру;
• жарықтың болуы;
• балаларды шаршатпау;
• іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, жазба және практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады;
• сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу;
• оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары;
• сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес келуі және оның өсуіне ықпалы.
IV. САБАҚТЫ ӨТКІЗУ ТЕХНИКАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: • сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген сұранысты арттыруы;
• сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі;
• мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру;
• мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс.
Тәрбиелік талаптар:
• оқу материалының, іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігін аңықтау, орындалатын тәрбиелік мақсат қою;
• оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан туындайтын тәрбиелік міндеттер қою;
• оқушылардың бойында өмірге керекті қасиеттерді, атап айтсақ: табандылықты, орнықтылықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті, орындаушылықты, өздікті, жұмыс істей білушілікті, зейінділікті, адалдықты, ұжымшылдықты тәрбиелеу;
• балалармен ынтымақтасу, олардың табысқа жетуіне көмектесу'
• ізгілендіру, әрбір баланың жеке ерекшелігіне сүйеніп тәрбиелеу.
Сабақ арқылы оқушыны дамыту талабы:
• балалардың оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығын ояту, шығармашылық бастамаларын және белсенділіктерін қолдау;
• оқушылардың даму деңгейін зерттеу және есепке алу; дамудағы сапалы, жаңа өзгерістерді қуаттау.