Сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабаққа қойылатын талаптар


ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҮШ ТҮРІ КЕЗДЕСЕДІ



бет7/9
Дата07.01.2022
өлшемі24,44 Kb.
#19507
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8 билет

ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҮШ ТҮРІ КЕЗДЕСЕДІ : ұғым, пікір, ой қорытындысы. ҰҒЫМ – бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. 

Ой қорытындысы- бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады. ОЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ үшке бөлінеді: индукция, дедукция және ұқсастық (аналогия) Индукция дегеніміз- бірнеше жалқы немесе жеке пікірлерден бір жалпы пікір жасау. Дедукция- бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке пікірлерге,деректерге көшудің жалпы заңдылықтар мен ережелерді білу негізінде жекелеген деректер мен құбылыстарды пайымдаудың тәсілі. Аналогия-ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.

«Сөйлеу»  мен «тіл» ұғымдары бірдей ұғымдар  емес. СӨЙЛЕУ ДЕГЕНІМІЗ –адамдардың  тіл арқылы  басқа адамдармен қарым-қатыгас жасау әрекеті. Бұл  қарым-қатынасты әр адам өзінше, бірақ  та сол ұлттың қолданып жүрген тіл  құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл  болса осы құралдардың (дыбыс, сөз, сөйлем, осылардың арасындағы байланысы) жүйесі, яғни дыбыс қоры және сөздік қоры сондай-ақ грамматикалық формалар болып табылады. Тіл қоғамдық өндірістің дамуы барысында, адамдардың өзара  сөйлесу процесінде пайда болады, сөйтіп адам дайын тілді игереді. СӨЙЛЕУ – бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тіл- дә өзінше пайдалануы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет