2.Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын сұрау фронтальды сұрақ түрінде жүреді:
Визуалдық компоненттерді қолданудың негіздері?
Tcontrol класы?
Терезелік компоненттер?
TwinControl түрі?
Терезелік емес басқару элементтері?
TGraphicControl түрі?
Edit және Memo компоненттері?
3.Жаңа сабақ түсіндіру
Жоспар:
1.Мәліметтерді енгізу-шығару.
2.Мәтіндік ақпараттарды кескіндеу және түзету компоненттері.
3.Бір жолдық және көп жолдық редакторлар.
Форма негізгі визуальды компонент болып табылады. Нгізгі Form компоненті — TForm класы. Қосымшаны құру формада басталады, қосымшаның интерфейстік бөлігін құрайтын визуальды компоненттер және жүйелік компоненттер осында орналасады. (Delphi жүктелгенде бос терезе — form1 пайда болады) Әр қосымша бірнеше формадан тұрады және бірейі негізгі болып таьылады да программа орындалғанда бірінші бейнеленеді. Проектіні құра бастаған кезде келісім бойынша Delphi – дк бірінші форма негізгі болады.
Проект файылында (dpr) бұл форма бірінші құрылады.
Мысалы:
Application. Initialize;
Application. Create form(TForm1, form1);
Application. Create form (TForm2, form2);
Application. Run;
Қосымшаның кез келген формасы негізгі бола алады, ол үшін осы форманың Createform әдісін (форма құрушы) бірінші көрсету керек.
Қосымшаны құру кезінде негізгі форманы Project/Options проект параметрлері терезесінде күрсеткен қолайлы. Form бетінің Mainform ашылған тізімінде негізгі форма таңдалады, одан кейін проект файлын Delphi автоматты түрде өзгердтді.
Форма модальды және модальды емес болуы мүмкін. Модальды емес формада қосымшаның басқа формасына форманы жаппай ақ көшуге болады, ал модальды формада басқа формаға көшу үшін міндетті түрде форманы жабу керек.
Windows жүйесінде қосымшның 2 түрі бар: бір құжаттылы (SD- бір құжаттылы интерфейс) және көп құжатты (көп құжатты интерфейс) (MDI)
Бір құжатты қосымша бір немесе бірнеше формадан тұрады, бір біріне тәуелсіз. Бұл қосымшада терезеде ішкі терезе болмайды, көп құжатты қосымшада негізгі терезенің ішкі терезелері болады.
Кез келген басқа визуальды компоненттер сияқты, форманың да қасиеттері әдістері және оқиғалары бар. Сонымен қатар тек өзіне ғана қасиеттер, әдістер, оқиғалар бар.
Проектке жаңа форма қосқанда Delphi проект файлын өзгерте отырып автоматты түрде класстың бір данасын құрады.
Формсаны автоматты құру процесін басқару үшін проект параметрлері терезесінде өзгеріс жасау керек. (form бетінің Auto- create forms тізімі). Егер форма бұл тізімнен Available forms тізіміне көшірілсе, онда оны құратын оператор проект файлынан шығарылады және программист қосымшаны құру кезінде форма экземплярын динамикалық құруы керек. Форма экземплярын құруға Create әдісін қолданады.
Форманың форма файлы (dfm) және программалық модулі (pas) болады.
Форма құру және қолдау кезінде TNotifyEvent типті келесі оқиғалар болады:
OnCreate
OnShow
OnResize
OnActivate
OnPaint
OnCreate оқиғасына форманың қасиеттерінің бастапқы мәндерін анықтайтын код енеді, сонымен қатар қосымшаны құру кезіндегі басқару элементтерінің және қосымша операциялардың кодттары кіреді.
Форманы құру кезінде Delphi жүйесі негізгі форманы көрінетін қылады. Ол үшін Visible қасиетіне (форманың)True мәнін қоямыз. Форма көрінбейтін болса, оның компоненттерін басқа формада басқаруға болады.
Форма көрінісін Show және Hide әдістерімен бамқаруға болады:
Form3. Show; {форма көрінеді}
Form3. Hide; {форма жасырылады;}
Форма енгізу фокусын алғанда, форма облысына тышқанмен сырт еткізсек активтенеді және OnActivate оқиғасы пайда болады. Форманы қайта салу қажет болса OnPaint оқиғасы пайда болады Форманы жабуға Close әдісі қолданады. Негізгі форманы жапсақ қосымшаның жұмысы тоқтатылады. Close процедурасы Форма экземплярын жоймайды, тек көрінбейтін болады. Show әдісімен экранға өайта шығаруға болады. Форманы жоюға Relase, Free және Destroy әдістері қолданылады. Тиімдісі Free әдісі өйткені алдын ала жою мүмкіндігі барма, соны тексеріп алады.
Егер бір формада екінші форманың қандайда әрекеті орындалса, онда бірінші форманың бөлімінің тізімінде екінші форманың модульінің аты жазылуы керек. Мысал. Қосымшада екі форма болсын Form1және Form2, сәйкес Unit1, Unit2 модульдері бар. Form1 модулі Unit1 қарастырамыз.
unit Unit
interface
implementation
uses Unit2
procedure TformButton1 Click();
begin
Form2. Show;
End;
End.
Бұл процедура бірінші форманың Button1кнопкасын басқанда экранда екінші форма көрінеді.
Керек модульмен байланыс орнатылмаса, программаны компиляциялау кезінде information диалогтік терезесі шығады. Байланы автоматты түрде орнату үшін Yes кнопкасын басу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |