Сабақ Пән атауы : Инклюзивті білім беру Тақырыбы: 7-тапсырма


Естімейтін балалар мектебінің дидактикалық міндеттері



бет4/5
Дата04.02.2023
өлшемі83,34 Kb.
#65185
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 тапсырма.Инклюзивті білім беру

Естімейтін балалар мектебінің дидактикалық міндеттері:
1.Естімейтін балаларды дайындық кезіндегі оқытудың мазмұны, әдісін, түрін, амалын анықтау;
2.Естімейтін балалардың ауызша сөйлеу қарым қатынасының ерекшелігін анықтау;
3.Жұмыс амалдарын және әдістерін қалыптастыру;
4.Жалпы білімін, дағдысын, мамандық туралы білімін анықтау;
5.Естімейтін баланың кемістігінің орнын басу жолдарын анықтау;
6.Ұйымдастырылған оқу түрінің жұмысы.
Есту қабілетінің жетіспеушілігі естімейтін балалардың сезімділік қабылдауын біріктіреді, сондықтанда қабылдауды естіп көру немесе полисенсорлы негізінде дамыту керек. Естімейтін балаларды оқытуда ең маңызды орынды заттық тәжірибелік әрекет және қоғамдық пайдалы жұмыс басты рөл атқарады.


Естімейтін баланы оқытуда үш кезеңді бөліп көрсетуге болады:
1-ші кезеңде балаладың ауызша сөйлеу тілі қалыптаспаған;
2- ші кезеңде балаладың ауызша сөйлеу тілі қалыптасып, бір бірімен қарым қатнаста болады, ауызша, логикалық ойлауы дамиды.
3-ші кезеңде естімейтін балалардың сөйлеу тілінің дамуы жоғарғы деңгейге жетеді
Есту қабілеті зақымдалған балалар мектебінде оқыту мазмұны
Оқыту мазмұны естімейтін балаларда оның мақсатымен міндеттерімен анықталады. Естімейтін балалар сабақ жоспарында ағылшын тілі және ән айту сабақтары жүргізілмейді.


Еңбек сабақтарын оқытуда 3 кезеңде жүргізіледі:
1.Заттық тәжірибелік оқыту (дайындық кезеңі 1-4сынып)
2. Техникалық және қызмет ету еңбегі(ұл балаларға бөлек, қыз балаларға бөлек сынып).
3.Жалпы еңбектік дайындық ( 9-сынып) және жалпытехникалық арнайы дайындық( 10-12сынып).


2.Естімейтін балалар мектебінің дидактикалық принципін жүзеге асыру
Естімейтін балалар мектебіндегі маңызды дидактикалық принцип қарым қатнас құралы ретінде сөйлеудің қалыптасуы, дактильдік немесе жестік сөйлеу тілі болсын, ол естімейтін бала мен еститін баланың арасындағы қатнасты орната алмайды. Ауызша сөйлеу тілі негізгі оқыту құралы ретінде қолданды. Адамның психикалық процесі қоршаған ортамен белсенді түрде араласуда қалыптасуы, естімейтін балалардың іс- әрекет процесіндегі сөйлеудің қалыптасуы принципінде дәлелденген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет