3.2.3.1мәтін мен бейнені қамтитын қарапайым таныстырылымдар жасау;
3.2.3.3Таныстырылымды безендіру үшін дайын жобаны пайдалану;
3.2.3.2 слайдтар арасында ауысуды қолдану;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушы үшін: Жобаны дайындау кезінде туындайтын сұрақтармен танысады.
Оқушылардың көбі үшін: Жоба дайындау кезеңдерін практикалық тұрғыдан үйренеді.
Кейбір оқушылар үшін: Cлайдтар арасында ауысуды қолданып, таныстырылым жасайды.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту: «Ассоциативті қатар» ойыны Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: дыбыс, «Дыбыс жазу», программа, өңдеу.
Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.
Топтастыру:
«Тұрғындар мен үй» ойыны Оқушылaрдың білім деңгейін ескере отырып, «Тұрғындар мен үй» ойынын пайдаланып оқушылaрды тaңдaп aлу әдісімен шығaрa отырып, шыққaн оқушылaр екеу-екеуден қолдaрын көтеріп ұстaсып, үйдің шaтырын жaсaйды. Келесі шaқырылғaн оқушы шaтырдың aстынa кіріп тұрғын болaды. Сәлден соң мұғaлімнің нұсқaуымен тұрғын екеу болaды. Осылaй төрт оқушыдaн шaғын топтaр құрaлaды.
Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста – ойларын ортаға салып, пікірлесуге, жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.