Сабақ сценаийі С1 кезеңі


Тақырып 2.2 ШЖМ білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Сыныптарды комплектілерге біріктірудің заманауи тәсілдері



бет4/26
Дата24.11.2023
өлшемі290,29 Kb.
#125713
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Сабақ сценаийі С1 кезеңі-emirsaba.org

Тақырып 2.2 ШЖМ білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Сыныптарды комплектілерге біріктірудің заманауи тәсілдері


Оқыту нәтижелері:
- шағын жинақталған мектепте білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін ескере отырып, оқу жұмысын ұйымдастырады;
- сыныптарды жиынтыққа біріктірудің заманауи тәсілдерін талдау және тәжірибеде қолдану.
Сабақтың сценарийі
С1 кезеңі. Байланыстыру
«Миға шабуыл» әдісі. Тыңдаушыларға «Заманауи шағын жинақталған мектептерді сипаттайтын қандай жалпы үрдістер бар?» сұрағы қойылады, тапсырма нұсқаларының бернешеуін түрлендіріп ұсынады. Содан кейін алынған нұсқалардан тәжірибеде қолданылуы мүмкін үздік шешімдер таңдап алынады.
С2 кезеңі. Теория
Интерактивті дәріс. Сұрақтар бойынша әңгіме:
- ШЖМ қандай қосымша қызметтерді атқарады?
- Ауылды сақтап қалу және дамытудағы мектептің ролі қандай?
Жоспар.
ШЖМ-нің жұмыс істеу ерекшелігі.
ШЖМ-нің масаттары мен міндеттері.
ШЖМ типтері және оның сипаттамалары.
Шағын жинақталған мектеп – оқушылар саны аз, біріктірілген сынып-жинақтары бар және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп.
Шағын жинақталған мектептер мен тірек мектептер (ресурстық орталықтар)жұмысы Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, мамандандырылған, арнайы, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары жұмысының типтік ережелеріне сәйкес іске асырылады. Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылдың 31 тамызында № 29329 тіркелген. (2-қосымша), ҚР БжҒМ беікткен тірек мектеп (ресурстық орталық) жұмысы туралы ереже, әдістемелік-нұсқаулық хат. Шағын жинақталған мектепте оқу-тәрбие үдерісі біріктірілген сыныпта әр түрлі жастағы оқытуды ескере отырып, қамтамасыз етіледі. Әр түрлі жастағы оқытуды ұйымдастыру кезінде екі сыныпты біріктіріп оқыту 1-2 жас ерекшелігін ескере отырып жүргізіледі.
Сыныптарды біріктіру кезінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың жылжымалы кестесі қолданылады.
ШЖМ-нің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) сапалы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету және кеңейту;
2) білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
3)сапалы білім беруді қамтамысз ету мақсатында тірек мектепте (ресурстық орталықта) ШЖМ-нің білім беру ресурстарын шоғырландыру;
4) ШЖМ оқушылары үшін бейіналды дайындық және бейіндік оқыту бойына жағдай жасау
5) тірек мектепте (ресурстық орталықта) бекітуші, аралық және қорытынды оқу сессияларын және ШЖМ оқушылары үшін сессияаралық кезеңді ұйымдастыру;
6) біріктірілген сыныптарда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру.
ШЖМ-да сыныптардың толықтығы 3-10 және одан да көп адам:
- бірінші – бастауыш шағын жинақталған мектеп; - екінші – негізгі шағын жинақталған мектеп;
- үшінші – орта жалпы білім беретін шағын жинақталған мектеп. Олардың барлығына тән сипаттамалар:
- біріктірілген сынып-жинақтың ғана болуы (бастауыш шағын жинақталған мектепте басым келеді);
- тек біріктірілген сыныптың және балалар саны аз жеке сыныптардың болуы;
- тек балалар саны аз жеке сыныптардың болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет