Сабақ сценаийі С1 кезеңі



бет8/26
Дата24.11.2023
өлшемі290,29 Kb.
#125713
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
Сабақ сценаийі С1 кезеңі-emirsaba.org

https://uba.edu.kz/ru/metodology/3?page=8
https://multiurok.ru/files/tooonk-liektsiia-piedaghoghichieskiie-triebovaniia.html
https://elibrary.ru/item.asp?id=36960089
Ақпаратпен алмасу. Топтар әр бастапқы топтың мүшелерінен тұратын жаңа уақытша топтар құра отырып, ақпарат алмасады. Жаңа топтарда бастапқы топтардың спикерлері ақпараттың өз бөлігін айтады. Ақпарат алмасудан кейін уақытша топ мүшелері өздеріне оралып, білімдерін ортаға салады.
3- минуттық жалпылап қорыту. Тыңдаушылар ШЖМ-ның біріктірілген сыныбында сабақты жобалауға тән ерекшеліктерді жазып шығады.
С3 кезеңі. Нақты тәжірибе
Ауысымдық құрылымда жұптағы жұмыс. Тапсырма.
Жұптар құрыңыздар.
Жұптарда сұрақты талқылаңыздар: Біріктірілген сыныпта қысқа мерзімді жоспарлаудың ерекшелігі қандай? (1-2 минут)
Команда бойынша жаңа жұптарды ұйымдастырыңыздар да, алдыңғы серіктеспен әңгіме барысында алынған ақпаратты талқылаңыздар. Алынған ақпаратты толықтыңызыдар және т.б.
«Ұсынбаларды құрастыру» әдісі. Тапсырма. Топтық жұмыс
Алынған ақпаратқа және интернет көздеріне сүйене отырып, «ШЖМ-нің біріктірілген сыныбында қысқамерзімді жоспарды қалай құруға болады?» ұсынбаларын құрастырыңыздар.
«ШЖМ-нің біріктірілген сыныбындағы қысқамерзімді жоспарды қалай құруға болады?»
Қысқамерзімді жоспар талаптар, тереңдету, рефлексия сатыларына бағдарланған. Бұл сатылар басы, ортасы, соңы құрылымы арқылы жүзеге асырылады, олардың әрбіреуінің өз мақсаттары мен қызметтері бар.
«Сабақтың басы» кезеңі жұмыстың басталуына арналған, сабақ тақырыбын ашуға әкелетін белсенді, уәждік тапсырма, сабақ мақсатын балалармен бірге құру, сабақ мазмұнымен таныстыруы кіруі тиіс. Бұл кезең өтілген тақырып бойынша білімдерін жаңартуға көмектеседі, оқушыларды ынталандырады, жұмылдырады. Бұл кезеңде оқушылар алдыңғы біліммен байланыс орнатады, сабақтың тақырыбы мен мақсатын әр жас тобына жеке және тұтастай біріктірілген сынып бойынша меңгереді. Мұғалім оқушылардың қандай тапсырмалар арқылы сабақтың мақсатына жететінін айта алады, оларға күтілетін нәтиже немесе дескриптор бере алады.
Сабақтың басы кезеңі 5-6 минуттан аспауы тиіс. Осы уақытта мұғалім оқушылардың жаңа ақпаратты меңгеруіне дайындығын қамтамсыз етеді.
Сабақтың ортасы кезеңіне негізгі жүктеме кіреді. Белсенді бастау проблемалық жағдаят, интерактивті әдіс, ойынды қамтамасыз етуі мүмкін. Кезеңнің ерекше белгісі оқу материалын «жеңілден күрделіге қарай» үдету болып табылады. Сабақ барысында мұғалім оқушыға жеке, жұпта, шағын топта жұмыс істеуге мүмкіндік беруі тиіс.
Аяқтау кезеңіндегі сабақ оқушының өз ілгерілеуін анықтай алуы үшін жеке жұмысқа қайтып келуі тиіс. Сабақтағы іс-әрекеттер түрлерін оқу материалы бойынша өздік жұмысын дамытуға ықпал ететіндей етіп, таңдалуы тиіс.
Сабақ барысында мұғалім әрбір сыныпқа нақты мақсаттар қояды, бағалау критерийлерін, дескрипторларды көрсетеді.
Ұсынбаларды таныстыру. Бағалау. Топ спикерлерінің сөйлеуі. Тренердің, топтың кері байланысы. «Маған ұнады... Жақсартуға болады» әдісі арқылы өзара бағалау.
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ-да біріккен бастауыш сыныптардағы сабақтарды өткізу және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар - Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. – 160 б. (Портфель 2.5)
ШЖМ-да білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Әдістемелік ұсынымдар - Нұр-сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. – 160 б. (Портфель 2.5)
Шаблон бойынша бағалау (мысал). Тыңдаушылар шағын топтарға (жұптарға) пәнаралық кіріктірілген пәндер бойынша бірігеді: физика-информатика (математика-информатика), биология-химия, история-география немесе пәндер бойынша.
Тапсырма. Мысалға сүйене отырып, пән бойынша (таңдау бойынша) бір бөлімнің күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрыңыздар. Пәнді кіріктіріп оқытуда оқу мақсаттарының үйлесімділігіне көңіл бөліңіздер.
ШЖМ-нің 5-6-сыныптар-жинағында «Орыс тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар үзіндісінен мысал

Раздел ДСП


Тема урока


Цели обучения


Кол. часов


Раздел ДСП


Тема урока


Цели обучения


5 класс




6 класс

3-я четверть

Живые организмы: растения


Природа Казахстана


5.1.6.1 -оценивать звучащую речь с позиции «нравится /не нравится», «правильно/ неправильно», аргументируя свою позицию


6.3.7.1 - корректировать текст, исправляя орфографические и пунктуационные ошибки с помощью словаря, редактируя текст с учетом типа

1

Живые организмы: животные

Животные Казахстана


6.1.6.1 - оценивать прослушанный материал с точки зрения содержания, структуры высказывания и логики изложения материала


5.3.7.1- корректировать текст, исправляя орфографические ошибки с помощью словаря, редактируя предложения

Пәндер циклі бойынша топтардағы жұмыстарды қорғау. Бағалау. Барлық тыңдаушылар 2 топқа бөлінеді: жаратылыстану-математикалық цикл пәндері, гуманитарлық цикл пәндері.


Пәндер бойынша шағын топтар өз жұмыстарын циклдар бойынша біріккен топтарға қорғайды.
Комментарий арқылы жұмыстарды өзара бағалау.
Модельдеу. Сұрақ: Педагогикалық дизайн дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет