Сабақ тақырыбы : Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары Сабаққа шолу



бет4/4
Дата07.09.2023
өлшемі351,16 Kb.
#106502
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
• Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары

Сенің білетінің:

Сенің меңгеретінің:

  • қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісінің, қызмет саласын орналастыру факторларын талдау.

Сабақтың мазмұны

  • Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары

Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары
Әлемде өндіріс салалары үшін ерекше шарттар немесе себептер ескеріледі. Экономика салаларын қалыптастыру кезінде ескеру қажет жағдайларды фактор деп атайды. Шарттар табиғи, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, техникалық-экономикалық, нарықтық және инфрақұрылымдық сипатта болуы мүмкін. Өндірісті орналастырудың табиғи жағдайларына табиғи ресурстардың сандық және сапалық құрамы, климаттық, рельефті түрлері жатады. Олар тау-кен, металлургия, отын өндірісінде, яғни өндірісте табиғи компоненттерді қажет ететін салаларда қолданылады. Дәл осы табиғи компоненттердің арқасында алғашқы шаруашылық түрлері пайда болған. Мысалы, пайдалы қазбалардың немесе құнарлы топырақтың қорына бай ел металлургия өндірісін немесе ауыл шаруашылығын дамытты. Әлеуметтік-экономикалық факторларға халықтың сапалық және сандық сипаттамаларымен байланысты факторлар жатады. Техникалық-экономикалық факторлар өнімді өндіру мен оны сатуға кететін шығындарды анықтайды.
Адамзат қоғамының дамуы және қалалар мен елдер арасындағы еңбек бөлінісінің пайда болуымен байланысты экономикалық секторда жаңа факторлар пайда болды. Өндірісте пайда болу себептеріне байланысты аталған факторлар дәстүрлі және заманауи болып жіктеледі.
Өндірісті қалыптастырудың дәстүрлі факторлары
территория;
экономикалық-географиялық орны;
табиғи ресурстар;
транспорттық;
тұтынушылық.
Өндірісті қалыптастырудың заманауи факторлары
ғылыми-техникалық;
экологиялық.
Экономикалық-географиялық орналасу факторын атақты географ Н.Н. Баранский жіктеген. Ол орталық, перифериялық, көршілік және теңіздік болып төртке бөлінеді.
Әлеуметтік-экономикалық география – халықтың орналасуы мен дамуын, шаруашылық әрекетін зерттейтін ғылым.

1-сурет. Әлеуметтік-экономикалық географияның негізін салған кеңестік ғалым – Н.Н. Баранский

2-сурет
Кәсіпорындарды қалыптастыруда бір фактор жетекші рөл атқарады, бірақ кейде бұл факторлар бірнеше болуы мүмкін.

  • Тау-кен, отын, металлургия, құрылыс, орман шаруашылығы, балық аулау өнеркәсібі, ауылшаруашылық,табиғи ресурстар, су факторлары.

  • Машина жасау, тамақ, жиһаз, аяқ киім, тұтынушылық өнеркәсібі, жұмыс күші факторы.

  • Химиялық өнеркәсіп, энергетикалық түсті металлургия, экологиялық фактор.

  • Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары

  • Жауабын жасыру

  • Дұрыс жауапты тауып, сөйлемді толықтыр.

  • Өндірістің тиімді орналасуына әсер ететін 

  • жағдайлар

  • мен себептерді өндірістің орналастыру факторлары деп атайды.

  • Білгенің жөн!

  • Өндірісті құруды жоспарлау кезінде факторларды ескеру қажет

  • Түсіндіру

  • Өндірістің тиімді орналасуына әсер ететін жағдайлар мен себептерді өндірісті орналастыру факторлары деп атайды.

  • Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары

  • Жауабын жасыру

  • Экономика орналасуының дәстүрлі факторларына не жатады?

  • Дұрыс жауап саны: 3

  • тұтынушылық

  • аумақтық

  • сарқылмайтын

  • сарқылатын

  • экологиялық

  • табиғи ресурстар

  • білімді қажет ететін

  • Білгенің жөн!

  • Өндірісті орналастыру шарттары табиғи ортаға, халыққа, ғылыми-техникалық әлеуетке, пайда болу тарихына байланысты болуы мүмкін.

  • Түсіндіру

  • Дәстүрлі, яғни өндірісті орналастырудың ескі факторларына аумақтық, табиғи ресурстар, тұтынушылық, көліктік, экономикалық-географиялық жағдай жатады.

  • Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары

  • Жауабын жасыру

  • Өндірісті орналастырудың ескі факторына не жатады?

  • табиғи ресурстар

  • экономикалық-географиялық орны

  • тұтынушылық

  • арзан жұмыс күші

  • Білгенің жөн!

  • Жер бетіндегі және жер қойнауындағы табиғи ресурстар бірдей бөлінбегендіктен, елдер арасындағы ресурстарға қол жетімділіктің айырмашылығын туындатады.

  • Түсіндіру

  • Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығының пайда болуының алғашқы кезеңінде бұл фактор кәсіпорындардың орналасу себебін анықтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет