Химияөнеркәсібі шаруашылықтың барлық саласын химиялық технологиялармен және материалдармен қамтамасыз етеді. Салалары мен өнімдері: кен химиясы – гипс, әктас, негізгі химия – минералдық тыңайтқыштар, полимерлерді өңдеу – шина, пластмасса өнімдері және фармацевтика – дәрі жасайды. Химияның шығаратын өнімдері – минералды тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер және сода жатады. Органикалық химия саласы өндіретін негізгі өнімдерге этилен, полиэтилен, пластмасса, химиялық талшықтар мен синтетикалық каучук жатады.
1-сурет
Өндірістік қызмет өндіріске және халыққа қызмет болып бөлінеді. Жүк көлігі, материалдық-техникалық жабдықтау өндірістік болса, сауда, қоғамдық тамақтану орындары халықтық түрге жатады. Ал көлік, байланыс, ақпарат қызметтері екі салаға да қызмет ете береді. Өндірістік емес қызметтің негізгі топтары: жеке, тұрмысты жақсартуға қатысты, рухани қажеттіліктерді дамытуға қатысты, ғылыми және әлеуметтік қызметтер.
Тұтыну заттары өндірісінің салаларына үйде тұтыну мақсатында шығарылған, өндірістік және өндіруші мен өңдеуші өнеркәсіпте тікелей тұтынуға арналған заттар болып бөлінеді.
Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары
Жауабын жасыру
Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында өткен әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбын анықта.
Өнеркәсіптің өркендеуі
Болашақтың энергиясы
Өркениеттің дамуы
Әлемнің болашағы
Білгенің жөн!
Қазіргі таңда дүниежүзі елдері балама энергия көздерін дамыта бастады. Оған күн, жел, судың көтерілуі мен қайтуы, Жер қойнауының жылуы және тағы басқалар жатады.
Түсіндіру
Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында өткен әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» болды.
Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары
Жауабын жасыру
Судың құлау күші мен өзен бойларына салынатын электр станциясының түрін анықта.
АЭС
ЖЭС
СЭС
Күн ЭС
Білгенің жөн!
Әлемдік электр энергетикасының 18%-ы су электр станцияларына тиесілі. Ірі СЭС-тер Янцызы, Хуанхэ, Объ, Енисей, Колумбия, Теннеси және т.б. өзендер бойында орналасқан.
Түсіндіру
Судың құлау күші негізінде өзен бойларына орналасатын электр станциясының түрі – СЭС.
Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары
Жауабын жасыру
Энергетика жүйесінде экологиялық тұрғыдан ең таза, ең қауіпті, әлемдік энергетиканың 17%-ын беретін энергия көзін анықта.
СЭС
АЭС
КЭС
ЖЭС
Білгенің жөн!
1 кг уран 2500 тонна көмірдің жылуын бере алады. Тасымалдауда ең арзан шикізат көзі. Қазіргі таңда атом электр станцияларында қолданылады. Өзіне қоршаған ортаға ешқандай зиянды қалдықтар шығармайды, тек су буы ғана бөлініп шығады. Бірақ апатты жағдай орын алған жағдайда қоршаған орта үшін өте қауіпті.
Түсіндіру
Энергетика жүйесінде экологиялық тұрғыдан ең таза, ең қауіпті, әлемдік энергетиканың 17%-ын беретін энергия көзі – АЭС.
Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары
Жауабын жасыру
Энергетика кешенінің негізгі салаларын анықта.
Дұрыс жауап саны: 3
СЭС
АЭС
КүнЭС
теңіз ағысы энергетикасы
ТолысуЭС
ЖЭС
гейзер энергетикасы
ЖелЭС
Білгенің жөн!
Электр энергетика салаларының баламалы көздеріне КүнЭС, ЖелЭС, Толысу электр станциялары мен өзге де электр көздерін беретін салалар кіреді.
Түсіндіру
Энергетика кешенінің негізі салаларына ЖЭС, СЭС және АЭС кіреді.
Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары
Жауабын жасыру
Органикалық химия саласы өндіретін негізгі өнімдерді анықта.
Дұрыс жауап саны: 3
күкірт қышқылы
медициналық дәрі-дәрмектер
азот тыңайтқыштары
фосфатты тыңайтқыштар
этилен, полиэтилен
пластмасса мен полипропилен
химиялық талшықтар мен синтетикалық каучук
азот қышқылы мен сілтілер
Білгенің жөн!
Полимерлер химиясының негізгі ерекшелігі – пластмасса, химиялық талшықтар, жасанды каучук сияқты конструкциялық материалдар шығарады. Көп жағдайда олар дәстүрлік материалдардан да артық болғандықтан, олардың орнын алмастырады.
Түсіндіру
Органикалық химия саласы өндіретін негізгі өнімдерге этилен, полиэтилен, пластмасса, химиялық талшықтар мен синтетикалық каучик жата