Сабақ тақырыбы : Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары Сабаққа шолу



бет3/4
Дата07.09.2023
өлшемі351,16 Kb.
#106502
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
• Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары

Сенің білетінің:

  • ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісі қызмет салалары.

Сенің меңгеретінің:

  • ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын ұйымдастыру түрлерін сипаттау.

Сабақтың мазмұны

  • Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорын ферма, ал субтропиктік аудандардағы өсімдік шаруашылығының фермалары плантация деп аталады. Дүниежүзінің түрлі аймақтарында ауылшаруашылық фермалары сипатына қарай түрліше аталады. Мысалы, Аустралиядағы қой шаруашылығы фермалары шипстейшнз, Бразилиядағы кез келген ірі ауылшаруашылық фермалары фазенда, Солтүстік Америдағы малшаруашылық фермалары ранчо, Қытайдағы балықты қолдан өсіру шаруашылығы мариферма деп аталады.

  • Комбинат – түрлі салаларда өндірілетін өнімдерді шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорын. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың «фабрика» және «зауыт» деген атаулары бар. Бұлар қызмет көрсету кәсіпорындарына жатады. Қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының ерекшеліктері түрліше болып келеді. Көбіне кішігірім аумақты алады, сонымен қатар цехтық және цехсыз болып бөлінеді. Цехтық құрылымдағы қызмет көрсету кешені үлкен болады, мысалы банктер, байланыс желілері. Цехсыз құрылымдағы кәсіпорындарда тек жұмысшылар болады, мысалы, шаштараздар.

  • Өндірісті ұйымдастырудың негізгі түрлеріне мамандану, кооперативтендіру, құрамдастыру жатады. Мамандану кәсіпорында немесе оның әрбір бөлімшесінде болуы мүмкін. Кәсіпорынның, кәсіпорын цехының бір ғана операция түрін орындауға немесе бір ғана салаға қызмет көрсетуі оның сол салаға мамандануын білдіреді. Бұл салада маңызды бірнеше термин жиі қолданылады. Мысалы, кооперация – дайын өнім шығаруға бірнеше кәсіпорынның қатысуы, өндірісті шоғырландыру – өнім шығаруда ірі кәсіпорындарға бірігу, интенсивті даму – сапаға басымдық беретін өндірістік даму және т.б. Өндірісті тиімді ұйымдастыру шығарылған өнімнің тиімділігін арттырады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен қосымша құнының жоғары болуы және өнімнің өзіндік құнының төмен болуы қалыптасады. Өнеркәсіп түрлерін орналастыру барысында ең басты ескерілетін факторлар болады. Мысалы, нан пісіру – тұтынушыға, цемент – шикізатқа, машина жасау – еңбек күшіне жақын орналасады.

  • Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі қамту салаларына өндіріс құралдарын жеткізу, өнімдерді өндіретін өсімдік және мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау, тасымалдау салалары жатады. Еліміздегі өсімдік шаруашылығының салаларына егін, бақша және жүзім өсіру шаруашылықтары кіреді. Еліміздің өсімдік шаруашылығының географиялық таралуы түрліше. Бидай Қостанай, Ақмола, СҚО-да, күнбағыс Павлодар мен ШҚО-да, ал қант қызылшасы Алматы мен Жамбыл облыстарында таралған. Еліміз өңірлерінде мал шаруашылығын ұйымдастыруда климаттық жағдайлар ескеріледі. Мысалы, ыстық, шөлді, шөлейтті зоналарда түйе, астықты және картопты аудандарда шошқа, ірі қалалар маңында құс өсіру шаруашылықтары дамыған.

  • Еліміздегі көлік кешені өндіріске, экономикаға қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету ерекшеліктері түрліше. Мысалы, есіктен-есікке дейінгі көлік түрі – автокөлік, газ және сұйық заттарды құбыр, ең қымбат және жылдам көлік түріне әуе көлігі кіреді. Ал халыққа тікелей қызмет көрсететін салаға рекреациялық қорлар жатады. Халықтың демалысын ұйымдастырудағы рекрекцияға қажет жағдайларға өркениетті демалыс, рекреациялық ресурс пен рекреациялық шаруашылық кіреді.

  • Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері

  • Жауабын жасыру

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорын қалай аталады?

  • фабрика

  • ферма

  • зауыт

  • мекеме

  • Білгенің жөн!

  • Ереже бойынша бұл кәсіпорын бір меншік иесіне тиесілі болады. Жер бетінің түрлі бөліктерінде мамандануына байланысты осындай кәсіпорындардың түрлі атауларға ие болады.

  • Түсіндіру

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорын ферма деп аталады.

  • Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері

  • Жауабын жасыру

  • Түрлі салаларда өндірілетін өнімдерді шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорынды анықта.

  • комбинат

  • ЖШС

  • зауыт

  • компания

  • Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері

  • Жауабын жасыру

  • Өндірісті ұйымдастырудың негізгі түрлерін анықта.

  • Дұрыс жауап саны: 3

  • экстенсивті даму

  • кооперативтендіру

  • жекешелендіру

  • аймақтандыру

  • құрамдастыру

  • интенсивті даму

  • әртараптандыру

  • мамандану

  • Білгенің жөн!

  • Өндірісті ұйымдастыру – қолда бар ресурстарды, жағдай мен түрткіжайттарды есепке ала отырып, нақты бір жерде және белгілі уақыт ішінде өнім шығаруға бағытталған еңбек түрі мен тәртібі.

  • Түсіндіру

  • Өндірісті ұйымдастырудың негізгі түрлеріне мамандану, кооперативтендіру, құрамдастыру жатады.

  • Артқа

  • Алға

  • Бұл кәсіпорындарда ет өнімдерін, сонымен қатар тұрмысқа қажет түрлі бұйымдар, мата-мақта шығарылады.

  • Түсіндіру

  • Комбинат – түрлі салаларда өндірілетін өнімдерді шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорын.

  • Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері

  • Жауабын жасыру

  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың атауларын анықта.

  • Дұрыс жауап саны: 2

  • компания

  • фабрика

  • мекеме

  • зауыт

  • цех

  • Білгенің жөн!

  • Өнеркәсіптік кәсіпорынның атауының бірі жеңіл және өндіруші өнеркәсіпте (мақта-мата фабрикасы, кен байыту фабрикасы) қолданылады.

  • Түсіндіру

  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың «фабрика» және «зауыт» деген атаулары бар.

8-сынып. 15.04.2021ж


Сабаққа шолу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет