Сабақ тақырыбы Абай мұражайында



бет3/3
Дата14.05.2023
өлшемі97,02 Kb.
#93133
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ҚМЖ

(Ж) «Мен білемін!»Оқушылар шағын мәтінді оқып, алдымен таныс емес сөздердің астын сызады, мағынасын ашады, содан соң сұрақтарға жауап береді. Жауаптарымен шағын топтарда бөліседі.
Абай туралы не білеміз? Оқушылар Абай туралы білетінін айтады.
Осы айтылғандарды мынандай топқа жіктейік

өмірінебайланысты

шығармашылығы

заттары




Мұғалім осы топтарда жазылған сөздер бойынша оқушылардың Абай тақырыбы бойынша білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қояды

Абайдың шын есімін ата. ( Ибраһим)


Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
Абайдың туындыларын ата?
Абайдан қалған мүлік, заттар бар ма ? Бар болса, оларды қайдан көруге болады?


Осы тақырыпқа байланысты мәтінді оқу.Мәтінмен жұмыс.

Абайдың Жидебайдағы мұражай үйі- ақынның өмірі меншығармашылық жолынан мағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан.


1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол – терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіре берісте - қазанаспа. Оң жақ босағада асадал пен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген
1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссияның шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай үйіне берілген.

2. Оқушылар мәтінді толығымен оқып шығады. Тапсырма: мәтін бойынша үш сұрақ құру.


/ жеке, жұпта, топта жұмыс істейді/ Әр топ өздерінің үш сұрағын айтады, басқа топтар сұраққа дұрыс жауап беруге тырысады.
Сөздік
Замандастар – современики
Пішіні – форма
Дәліз- коридор
Кіреберіс- прихожая
Өлкетану- краеведческий
Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды


Сары түс – аздап қиындау болды
Қызыл түс – қиын болды


(Ж) «Ойлан, жаз!» Оқушылар берілген тірек сөздерге сүйеніп, мәтінді жалғастырып жазады.

Дескриптор:



  • мәтінді дұрыс аяқтап жазады;

  • тірек сөздерді дұрыс қолданады;

  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;

  • қатесіз, әдемі жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет