Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7.4С Алгебралық бөлшектер
|
Мектеп: Ақтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ауданов М.К
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Алгебралық бөлшектерді қысқарту. Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдау.
|
Сабақтың типі
|
Жаңа тақырыпты меңгерту
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.2.1.29 Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдайды
|
Сабақ мақсаттары
|
Алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, бөлшекті қысқартуды орындай алу
|
Бағалау критерийлері
|
Білу және түсіну
|
Алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін біледі;
|
Білімін қолдану
|
Бөлшектің алымы мен бөлімін көбейткіштерге жіктей алады;
|
Білімін қолдану
|
Алгебралық бөлшекті қысқарта алады және ықшамдай алады;
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Бөлім бойынша лексика және терминология
Алгебралық бөлшектер анықтамасын айта алады, алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін түсіндіре алады.
Келесі терминдерді дұрыс қолданады:
бөлшектің алымы мен бөлімі;
рационал өрнек;
бүтін өрнек;
алгебралық бөлшек;
бөлшектің негізгі қасиеті;
бөлшектерді қысқарту;
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту.
Белсенді қарым-қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау;
|
Пәнаралық
байланыстар
|
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
Интернет ресурстарын қолдану дағдыларын дамыту (Bilimland.kz сайтын қолдану)
|
Бастапқы білім
|
Өрнектерді түрлендіре білу, алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану, қысқаша көбейту формулаларын қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу дағдысы
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Оқушыларды жұптарға бөлу.
Оқушылар қысқаша көбейту формулаларының оң және сол бөлігін сәйкестендіру арқылы жұптарға бөлінеді.
ІІ. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтау.
- Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау.
- Бағалау парағын оқушыларға үлестіру
|
Қысқаша көбейту формулалары жазылған таратпа қағаздар
Үлестірме 1
Слайд 1-2
|
Сабақтың ортасы
Жаңа материалды меңгерту
5 минут
10 минут
10 минут
2 минут
8 минут
2 минут
|
1. Білу.
Тақырыпты меңгеруде қолданылатын тәсілдерді еске түсіру:
Қысқаша көбейту формулалары
Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару
Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу
Бөлшектің негізгі қасиеті
Оқушылар көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуге қатысты есептерге ауызша жауап береді.
2. Түсіну. «Джигсо» әдісін қолданып оқулықпен оқушылар өздігінен жұмыс жасау арқылы тақырыпты түсіндіру процесін орындайды. Әрбір жұп келесі екінші жұпқа түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып, мақсатқа қарай жетелейді. Екі жұп түсіндіру жұмыстарынан кейін бір-бір мысалдан түсіндіру арқылы қаншалықты дәрежеде түсінгендерін көрсетеді. Олардың түсіндіру жұмыстарына қосымша ретінде
http://bilimland.kz/kk/home#lesson=11536сайтының видео ресурсын қолданамыз:
|