Жаңа оқу жылындағы алғашқы сабақ болғандықтан мұғалім оқушыларды 9 сыныпта жүргізілетін тақырыптармен таныстырады.
Оқушылардың алдыңғы білімдерін тексеру мақсатында «сұраққа жетіп ал» белсенді әдісі қолданылады. Ол үшін мұғалім кішірек допты сұрақ қоя отырып бір оқушыға лақтырады.Ол оқушы келесі оқушыға сұрақ қоя отырып допты лақтырады.
Сұрақтар:
— Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?
— Тоқыма өнерінің түрлерін атаңыз;
— Алаша өнері дегенді қалай түсінесіз?
— Кілем, гобелен тоқу өнері дегеніміз не?
Осылайша мұғалім 3 минут ішінде оқушылардың алдыңғы білімдерін анықтайды.
Сәндік қолданбалы өнер және тоқыма түрлері туралы презентация көрсетіледі.
|