«Кір жайғыш» әдісі Суреттер ішінен жемісті,сусындарды, көкөністерді бөліп алып суретін кір жайғышқа ілу
1. Суреттерді ажыратады.
2.Топтап жазады .
3.Үш тілде айтады .
Оқу мақсатын жариялау: Бүгінгі сабағымызда көңіл айту мен жұбату өлеңдерінің мағынасымен танысамыз
-көңіл айту дегенді қалай түсінесіңдер?
-жұбату өлеңі дегеніміз не? .
Ертеде ел билеген қатал Жошы хан өмір сүріпті. Оның бала дегенде жалғыз ұлы болыпты. Бір күні баласы аңға шығар алдында әкесі жаман түс көріп, баласын тоқтатқысы келеді. Баласы әке сөзіне мән бермей, нөкерлерін ертіп, ұзақ жолға шығады.Біршама уақыт өткен соң, жазық далада бір топ құланның жайылып жүргенін көреді. Бала құланды қуып жүріп, алысқа ұзап кеткенін байқамай қалады. Хан баласының атқан оғы құланның аяғына тиеді.Құлан хан баласына қарсы шығып, оны теуіп өлтіреді. Арада біразуақыт өтеді. Хан нөкерлері баланың қазасын әкесіне қалай естіртуді білмейді. Хан жүрегі сезгендей, «Кімде- кім баламды естірте келсе, сол кісінің көмейіне қорғасын құйдыртам» — дейді. Сол елде асқан күйші қазаны естіртетін болып, сарайға келіп, хан алдында күй тарта береді.
Бейнебаян
https://youtu.be/aPAnTiqRH4s
Жеке жұмыс Кім тауып жаза алады? Мына мақал – мәтелдердің жалғасын тауып жазыңдар.
1. Қолы қимылдағанның ...
2. Көп жасаған білмейді ...
3. Кәріге құрмет, ...
4. Біреуге ор қазба, ...
5. Жақсы қыз ...
Жақсы жігіт ...