Сабақ тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті мәселелер


Қазақ орфографиясындағы қиындықтар



бет2/9
Дата31.10.2022
өлшемі40,03 Kb.
#46345
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ

2. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар.
Бүгінде «қазақ жазуында проблема көп;қазақ орфографиясы тек қиындықтардан тұрады; жазуымыз айтылымымызды бұзып болды, үндестік заңына бағынып жазылмайтын сөздерді өзіміз «сындырып» жазбасақ, бізге кім реттеп жазып береді» деген пікірлер ара-тұра болса да айтылып жүр. Болмаса жазу тәжірибесінде кездесетін бірді-екілі қиындықтарды мыңға балап, «емлеміз ала-құла», «реформа жасау қажеттілігін тілшілер көрмейді, көрсе де көргісі келмейді» деген қоғамдық пікір қалыптастыруға тырысқан көзқарастар бар. Осыған байланысты шынында да жазуымыздың деңгейі төмен бе, нақты қиындықтар қай тұста деген мәселелердің басын ашып, жұртшылықтың назарына ұсынудың қажеттілігі бар сияқты.
Әрине, қазақ графикасы мен емлесі тұрақтанып, уәжді жетілдірулер мен түзетулер енгізіліп отырса да, қазақ тілі орфографиялық сөздіктері орфограммаларды негізді заңдастырып келе жатса да, бүгінгі жазу емлемізде заңдастырылуы әлі де қиындық тудыратын проблемалар бар. Олар:
– бірге, бөлек жазылатын сөздердің емлесі;
әәрпінің екінші буында жазылуы;
– бейүндес сөздердің жазылуы
ы, і әріптерінің емлесі;
х, ћ, фәріптерінің берілуі;
и, у әріптерінің жазылуы;
– бас әріптің таңбалануы;
– шеттілдік сөздердің қосымша қабылдау тәртібі;
– халықаралық, терминдік сөздердің жазылуы.
Қазақ жазуы деген сөз екіұшты пікір тудырып, дүдәмал ойға қалдырмас үшін, бұл ұғым қазақ әліпбиі, қазақ графикасы, орфографиясы, жазба тілі, жазба тілінің морфо-синтаксистік, лексикалық жүйесі дегенді білдіретін кең мағыналы сөз екенін ескерте кеткіміз келеді. Ал латын жазуы, араб жазуы, арамей жазуы деген тіркестер, керісінше, уәжсіз қолданылатын тіркестер, олар латын әліпбиі, араб әліпбиі болып қолданылуы қажет.
Енді бүгінгі қазақ жазуының келбеті қандай? Табиғаты неден шыққан? Бағыты қайда бара жатыр деген сауалдарға қысқаша тоқталып өтсек.
Әліпбиі– 28 қазақ тілінің өзіне тән дыбыстарымен бірге шығыс тілдерінен енген сөздердің жазылуындағы дәстүрлілікті сақтау үшін һ, ф әріптерін және орыс тілі арқылы енген шеттілдік сөздерді орыс тілінің орфографиясына сай жазу үшін в, ц, щ, ч, э, ю, я, ё, ъ, ь, х таңбаларын үстемелеп алып, 31 әріптің орнына 42 әрпі бар, проф. Н.Уәли сөзімен айтқанда, екібасты құбыжық әліпби.
Орфографиясы – 1925, 1926, 1929ж. емле конференцияларында қабылданып, кейін орыс орфографиясының ережелеріне салынып жазылып кеткен, қазақ тілінің дыбыс үндестігіне негізделіп жазылады деген басты заңдылығынан айырылып келе жатқан емле.
Емле ұстанымы. Кез келген жазуды қалыптандыру үшін алдымен емленің басты ұстанымдарын (орфография принциптерін) белгілеп алудың жөні бар. Сондықтан қазақ жазуының алғашқы кезеңі емле принципін айқындап алу қиындылығымен өлшенді десек, бұл маңызды міндетті А.Байтұрсынұлы “туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қиналмай өтетін, екеуінің арасынан жол тауып беретін” төмендегі ұсыныстар арқылы шешкенін көреміз:
“1. Әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу.
2. Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу.
3. Үйлестікпен дүдәмал естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы естілуінше жазылу» (А.Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы. А., 1991). Және осы айтқанын ғалым “Сөздіңауызданшығуының өзіекітүрліболады. Сөйлегендесөздербір-бірінежалғасаайтылғандабіртүрлі, әрсөздіоңашажекеалыпайтқандаауызданекіншітүрліболыпшығады”деп айқындаған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет