а, бірде ә әрпімен жазылады, сондықтан қазақ емлесі бұларды босаң норма санайды. Соңғы буында ә әрпі жазылмайтыны туралы ереже алғашқы емле конференциясында (1924) кірме сөздерді не а, не е әрпі арқылы игеру керек деген ұстанымнан басталған еді (не адабиат, не әдебиет). Проф. Қ.Жұбанов а/ә дыбыстарының дүдәмалдығын анықтау алғаш қосымша жалғау әдісімен тексеруді ұсынды: “Көпбуындытүбірдіңсоңғыбуынындағыдауыстыдыбыстыңа-әекенідүдамалболса, немеседүдамалболмай-ақ, анықәдыбысыболсада, қосымшажуантүбіргежалғанғандағыдайжуанайтыладыда, амене,қменк, ғменгбіркелетінқосымшалардаа, қ, ғжазылады. Оңайлықүшінондайтүбірдіңсоңғыбуынынадаәжазылмай, ажазылады: кітапқа (кітәпкеемес)” (Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жайында зерттеулер. А., 1966.)
Сөйтіп, осы негізге орай қазақ орфографиясының алғашқы (1941ж, 1948ж.) емле сөздіктері бірінші буынның әсерінен екінші буында дүдәмал естілетін сөздерді а әрпімен таңбалады: когаршын, кіна, күман, шүба, іңга, күна. Ал 1963 жылдан бастап бұл сөздерге “тыныштық” болмады. Емле сөздігінің академиялық басылымы күмән, куә, күнә, кінә, іңкәр, шүбә сөздерін ә әрпімен таңбалап, қосымшаларды жуан жалғады. Осы қатардан айырмасы жоқ ділда, ділмар, ләззат, күстана, пәтуа, рәсуа, мінажат, дүбара, дүдамал сөздерін а әрпімен заңдастырды. Тек 1988ж. ІІІ басылым дүбәра, дүдәмал, күләпара сөздерінің екінші буынына ә “түсірді”. Керісінше, алдыңғы екі басылымында жоқ мүшәйра, әманда сөздерін екі түрлі заңдастырды. Мүшәйра алдыңғы қатармен жіңішкеру бағытында тұрса, әманда сөзі тілдегі аман түбірімен тексеріліп, жуан нұсқасымен жазылатын болды. Сөйтіп, бір позицияда тұрып, күстана, дүбара, мүбарак, мүбада, мүттайым, мінажат, күшала, нәпақа, кінәрат, мүшайра, дүдамал, әмәнда, пірәдар, пітуана, күлапара сөздері әртүрлі таңбаланды.
Сөйтіп, 1963ж. емле сөздігінен бері жазылуы күмән, күмәнды, күмәнсыз, кінәға, кінәсы, кінәмшыл, кінәсыз, шүбәлы, шүбәсыз деп ұсынылып келсе де, бұлардың күнделікті жазу тәжірибесінде күмәні, күмәнді, кінәсі, кінәшіл, шүбәсіз т.с.с. деп жазылуы қатеге саналмайтын болды. Кейінжазупрактикасыменсөздік арасындақайшылықтуғансоң, алдыңғысыескеріліп, емле сөздігініңкейінгібасылымдарыә-менқалыптандырылабастады. 2001ж. сөздіктекбарысжалғауынғанажуанвариантта, басқақосымшалардыжіңішкеформадажалғаудыұсынды.
Бұл ереже осы қиындықтардан шығудың теориялық таянышын іздеген Н.Уәлиұлының негіздемесіне сүйенді: “Тегінде, жазудағы бірізділік үшін екі түрлі варианттың біріне тоқталған дұрыс. Бұл сөздерді дегенмен шәй, жәй, жәйлау, күнә, шүбә, күмән деп бірізді жазып, қосымшаларды жуан вариантта жалғау орынды да деп ойлаймыз. Жуан варианттағы қосымшалар өзінің негізгі грамматикалық қызметімен қатар, түбір морфемадағы фонеманың <а> екендігін көрсететін белгі /сигнал/ ретінде графикалық қосымша қызмет атқарады деп қарауға болады» (Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. А., 1988.).
Бүгінде жазу практикасы мен нормасы арасындағы қайшылықтан арылу үшін 2005-те орфографиялық сөздік атанған сөздерге тек барыс септігі мен көптік жалғауын жуан вариантта, қалған жалғауларды жіңішке вариантта жалғауда заңдастырды.Екінші буында [ә] естілетін түбірлер /ә/ - әрпімен жазылып, барыс, шығыс, көптік жалғауларынан және етістік тудыратын жұрнақтан (лан) басқа қосымшалар жіңішке жалғанатын болды. Яғни 2000 жылға дейін әртүрлі жазылып келген осы қиындық орфографиясының фонетикалық принципіне сай дыбысталуынша жазылады, яғни [күмәндәніп], [кінәләрің], [күуәләндіру] деп айтылатын сөздердің үшінші, соңғы буында /ә/ әрпімен жазылмайтынын қазіргі кез келген тілтұтынушы біледі: куәлік, куәлі, куәсіз, куәсі, бірақ куәсіна, куәландыру, куәға, куәлар, куәдан; күмәнді, күмәнсіз, күмәнділік, күмәні, бірақ күмәндану, күмәнға, күмәндар, күмәніна, күмәннан; кінәлі, кінәсіз, кінәсі, бірақ кінәға, кінәлар, кінәсіна, кінәсінан, кінәдан, кінәлану, шүбәлік, шүбәлілік, шүбәсіз, шүбәсі, бірақ шүбәлану, шүбәға, шүбәсіна, шүбәлар, шүбәдан.
3)
Достарыңызбен бөлісу: |