-лық, -қыш, -ар, -қы, -лар ұластыруыш жұрнақтары және хана, ара, аралық, басы, құмар, тану; хат, қап, гүл, бау, шөп, ақы, жай, жегі, тікен, жапырақ, тамыр құрастыруыш сыңарлар арқылы біріккен сөздер жалпы бірге жазылатын сөздердің алдыңғы қатарын құрайды.
Казақ тіліндегі сөздердің бірігуіне көбіне тіркес соңындағы қосымшалар кедергі болады екен: алма ағашы, электр шамы, іс парағы, т.с.с. Белгілі ғалым Н.Уәлиұлы осындағы ы, і езуліктерін түсіріп, бір зат, термин атауы ретінде бірге жазуды ұсынады: электршам, іспарақ, алмаағаш. 1929ж. Қызылордада қабылданған емле ережесінде Т.Шонанұлының ұсынуымен, калька тәсілімен аударылған тіркестер тәуелдік жалғауынсыз жазылуы қабылданған еді.Ал 1934-1937ж. М.Кемал түрік тіліндегі мекеме аттарын тәуелдіктің ІІІ жақ жалғауынсыз қалыптастыруға күш жұмсаған екен: Тенизбанк, Ітібанк т.б. Біздіңше, атаулардың номинативтенуі үшін, тіл экономиясы үшін, ұғымдардың танымдық сипатын күшейту үшін буын санын азайтып жазу, изафеттің 2-типінің қолданысын шектеуде жазу қызметін пайдалану тиімді болмақ, яғни іс қағазы сөзін, мысалы, ісқағаз деп жазсақ, сөзді жинақылаймыз, екіншіден атауға ие болу процесін жеделдетеміз.
Кезінде 1929ж. Қызылордадағы емле конференциясына қатысушылар “тілді тұтынушылар санасында біртұтас ұғым болып танылатын, екі сөзден тұратын, аралық қосымшасыз” сөздербірігіп жазылады деген ереже шығарған. Бұл принцип 1929ж. емле ережесінде де, 1940ж. орыс графикасымен бірге түзілген емле ережесінің жобасында да, 1941ж. орфография сөздігінде де, 1948ж. М.Балақаев құрастырған сөздікте де ұсталынды. Алайда сол сөздердің орыс тілінде бөлек жазылатын емлесінен (народное хозяйство - халық шаруашылығы, т.с.с.), орыс орфографиясында фразеологиялық тіркестердің бөлек таңбаланатындығынан, қазақ тіліндегі идиомалық атаулар мен лексикалық атаулардың арақатынасы сөзайналым процесі тұрғысынан дұрыс пайымдалмағандықтан бөлек таңбаланатын сөз қатары көбейді. Бұл мәселені одан әрі ұшықтырды. Сондықтан емле ережемізге енгізілген түзетулер, емле сөздігіне енген өзгерістер, негізінен, бірге жазылатын сөздердің емлесін толықтыруға бағытталды, бір зат пен ұғым атауы болатын, қатар тұрып жұрнақтармен түрленетін тұрақты тіркестер соңғы 2007ж. сөздікте бірге жазылды: ақкөңіл, ақкөңілді, ақкөңілділік, ақкөңілдену, ақниет, ақниетті, ақниеттену, ақниеттілік, ержүрек, ержүректену, ақжағалдану, ақжарқындылық,ақжүректену, ақжүректену, ақжүректік, ақниетті, ақниеттену, ақниеттілік, ақпақұлақтану, ақпейілді, ақпейлділік, ақпейілдену,алакөңілдену, алакөңілдік, алақолдық, алаяқтық, атқамінерлік, атсалысушылық,атүстілік, ашкөздену, ашкөздік, ашықауыздық, ашықауыздану, басбұзарлық, баскесерлік, бассауғалау, бозөкпелік, бойұрушылық, боркеміктену, босбелбеулік, боссөзділік, бұлаңқұйрықтану, шаласауыттылық, бірбеткейлік, бірмінезділік, бірсөзділік, дүниеқоңыздану, дүниеқоңыздық т.б.
2) Қазіргі қазақ емлесінің бір алуан қиындығын ә әрпінің екінші буында жазылуы құрайды. Мысалы, ділда-ділдә, күстана-күстәна, ділмар-ділмәр, тілмаш-тілмәш, тәкаппар-тәкәппар, кінарат-кінәрат, мүбарак-мүбәрәк, нәпақа-нәпәқа, мүшайра-мүшәйра, мінажат-мінәжат, көгершін-көгаршын, әмәнда-әманда, дүбәра-дүбара (дүбәралық), дүдәмал (дүдәмалдану, дүдәмалданбау, дүдәмалданған, дүдәмалды, дүдәмалдылық)-дүдамал, жүдә-жүда, жүмлә-жүмла, күләпара-күлапара, күмәжнік-күмажнік, күмән (күмәні, күмәндану, күмәнданбау, күмәнданған, күмәнді, күмәнділік, күмәнсіз, күмәншіл) - күман, күнә-күна, кәмшат-кәмшәт, кәусар-кәусәр, кінә-кіна,мәмпәси-мәмпаси, мәрмәр-мәрмар, нәмәрт-нәмарт, піллә-пілла, шүбә-шүба, іңгә-іңга, бәдәуи-бәдауи, кәртеміс-қартамыс, ажуа-әжуә, азар-әзер, баз-бәз, аппақ-әппақ, лазым-ләзім, қане-кәне, қазір-кәзір, тауба-тәуба, жәрәкімалла-жаракімалла, уәләят-уалаят, күлмән-күлман, күстәна-күстана, мүкәммал-мүкаммал, пәруай-пәруәй, пәруана-пәруәна, пәтуа-пәтуә, тәурат-тәурәт т.б.сөздері бірде
Достарыңызбен бөлісу: |