ы бар. Ы, і-нінеғұрлымазжазуғатырысушылықтыекініңбірініңжазуынанкөругеболады. Айталық: Дауылбай – Даулбай, Нұрпейіс – Нұрпейс, жиын, қиын… Шырақдеудіңорнынашрақдепжазсаққателесеқоймаймыз” деді. Бірақпроф. М.Балақаевбұлқиындықтышешу үшін “ы, ідыбысыестілгенжердіңбәріндежазылады” дегенереже ұсынады.
Сонымен, ол – ы, і әріптерінің емлесіне қатысты бір-біріне қарама-қарсы екі бағыттыкөреміз. Бір бағыт жазуды нормалаудың алғашқы сатысында ы, і-лерді мүмкіндігінше қысқартып жазады және кейінгі кезеңдерде де, қысқартып жазуды негізгі мақсат етеді (мысалы, тәуелдік жалғауын қосқанда түбірдің соңғы буынындағы қысаңдарды халық-халқы, көрік-көркі немесе біріккенсөз жігіндегі екі дауыстының қысаңдарын түсіріп жазуды алыңыз: өлі ара – өлара, алтыатар – алтатар (Қазақтілініңорфографиялықсөздігі, 1988), ешкіемер – ешкемер, алтыаяқ – алтаяқ, саптыаяқ – саптаяқ, сарыағаш – сарағаш, сарыөрік – сарөрік (Қазақтілініңорфографиялықсөздігі, 2000ж.).
Екінші бағыт селбеспе (дәнекер, қыстырынды) дыбыс ретінде 2-3 дауыссыз дыбыс қатар келмейді, түбір мен қосымшаның (фондыға, киоскіге), сөз, буын аяғы б, д, ғ, г ұяңдарына аяқталмайды деп тағылым, абырой, әділет, әбілет, жағылан, жебірейіл, жұдырық, қабылан сөздерінде ы, і әріптерін пайдалануды ұсынады. Сөйтіп, осындайбағыттардың үрдісінен ы, і әріптерін қысқартып жазудың мынадай сатылары болды:
І-саты. Соңғы буынында қысаң дауысты бар түбірге құрамында ашық дауысты бар қосымша жалғанғанда түбірдегі ы, і әріптерінің түсіріліп жазылуы. Мысалы, бүйір – бүйрек, дәуір – дәурен, ерін – ернеу, бауыр – баура, бауыр – баурай, жиын – жина, қорық – қорқа, қойын – қойнау, мойын – мойнақ, қайыр – қайрақ, күйіс – күйсе, айыр – айран, үрік – үркек, қиын – қина, жалық – жалқау, жайыл – жайлау, жайла, қайыр – қайрақ, қайра, қорық – қорқақ, қорқу, қорқыт, сарын – сарна, зорық – зорға, ойын – ойнақ, ойын – ойна, жұрын – жұрнақ, түйін – түйнек, сарық – сарқы, жалық – жалқау, жайыл – жайла, көрін – көрнеу, жерік – жеркен, көрік – көркем, сары – сарғай, орын – орна, уақыт – уақтылы, қырық – қырқыншы, айыр – айрықша, ресім – ресми, алты – алтау, жеті – жетеу. Бұл саты қазақ орфографиясында дау тудырмайды.
ІІ-саты соңғы буында қысаң дауыстылары бар түбірге тәуелдік жалғауының ІІІ жағын жалғағанда ы, і әріптерінің түсірілуімен байланысты: мойын – мойны, ауыз – аузы, дауыс – даусы, ерін – ерні, құлық – құлқы, бөрік – бөркі, көрік – көркі, мүлік – мүлкі, халық – халқы, ерік – еркі, қарын – қарны, сиық – сиқы, қайын – қайны, кеуіл – кеулі, қалып – қалпы, әліп – әлпі, ғұрып – ғұрпы, қырық – қырқы, әріп – әрпі, мұрын – мұрны, сұрық – сұрқы, шырық – шырқы, қайын – қайны, нарық – нарқы, парық – парқы, ырық – ырқы, тәйір – тәйрі, тәрік – тәркі. Бұл орфограммалар 1929ж. емле ережелерінде қабылданғанмен, 1988ж. Емле сөздігімізде ғана кодификацияланды. Біраққысаңдауыстыларды үнемдептаңбалаудыңосысатысындапроблемаболды.Ол Н.Уәлиұлының айтуы бойынша, ы, і қысаңдарын редукциялап жазғанда семантикалық қарсылыққа ұшырайтын мына сияқты сөздерге қатысты: ауыл – ауылы, көңіл – көңілі, бауыр – бауыры, жиын – жиыны, сайын – сайыны, жайын – жайыны, ақыл – ақылы. Сондықтан емле сөздігінің 2000ж. басылымы екі орфограмманы да норма ретінде ұсынды. Алайда ауылы, бауыры, көңілі, ақылы, жиынынұсқаларын заңдастырудың негізі бар деп білеміз.
ІII-сатыға біріккен сөз жігінде қатар келген екі дауыстының қысаң дауыстысын түсіріп жазу үрдісі алынады. Мысалы, 1988ж. емле сөздігінде саратан, сарауру, сарбалақ, сарбуын, сарбұға, саргідір, сарқұлақ, сарсолма, сарсу, сартабан, сартаңдақ, сартап, сартұқым, сарүйек, саршұнақ, өлара, алтатар, 2000ж. сөздікте ешкемер, алтаяқ, саптаяқ, сарағаш, сарөрік, келсап, кертартпа, жақсат (2000ж.) сөздері ы, і-сіз заңдастырыла бастады. Жалпы, бұрын қазақ емлесі морфологиялық принципке құрылған, ал морфологиялық принцип сөздің түбірін сақтап жазу деген ұғым біріккен сөздердің түбірін сақтап біріктіруді (кіріктіруді емес) заңдастырды. Алайда әсіресе екі түбір жігіндегі қос дауыстының (алааяқ)немесе қысаң мен ашық дауыстының (сарыала)біреуін, оның ішінде ашық дауыстыны ғана таңбалау (!) үрдісі көбейді. Осыны ескеріп, емле сөздіктері қысаң дауыстыны және екі ашық дауыстының біреуін түсіріп жазуды нормалай бастады. Бұл қазақ орфографиясының түбір, не түбір мен қосымша жігінде фонетикалық принципті ұстанатынынан шықты. Алайда біріккен сөздің жазба тұрпаты сөздің этимологиясынан ақпарат беріп тұруы шарт деп санаймыз. [сармай], [сарсазан], [сарсұу] деп айтылатын сөздердің сары түбіріне қатысын жазу ғана сақтап, тіл қойнауына апара алады. Сондықтан сарымай, сарысазан, жақсыат, келісапдеген орфограммалардың заңдастырылуы заңды болар еді дейміз.
ІV-саты. /ы/ - әрпінүнемдеп жазудың келесі сатысы бітеу буын аралығында келген қысаңдарға байланысты: Мысалы: қызмет, сахна, сіңлі, ресми, рақмет, құрмет, емле, мемлекет, ауру, бағлан, тарлан, жарлық, жирен, зәулім, қайрылу, құрлық, лоблу, мақлұқат, мақрұм, мәкрүк, мәслихат, саңдақ, тәурат, емеурін, саңлақ, медресе, бұйрық, құрлық, мағлұм, мағлұмат, айрық, айрықша, даурық, қайрақ, сәурік, самаурын, қайны, салбурын, наурыз, бурыл, тегеурін, мойнақ, мейлінше, арлан, ғибрат, ғұрлы. Сонда фонемалық (ақпараттық) мәні жоқ, таңбаланбауы мазмұнға нұқсан келтірмейтін әріптерді түсіріп жазу болашақ жазу бағыттары үшін негізгі үрдіс болу керек дейміз. Енді қысаңдар түсірілмей жазылатын жоғарыдағыдан айырмашылығы жоқ мына сөздерге назар аударайық:сүмірей, кекірік, құбыла, топырақ, айырыл, жымырай, әзірейіл, бекіре, қазымыр, аңызақ, еңіре, ақырет, қымыран, мағына, дәрігер, қорытынды, әділет, бекіре, ақырын, атырап, әбілет, емірен, жағылан, жамыра, жебірейіл, жұдырық, запыран, кекілік, көкірек, қойылым, қаңыра, қапырық, құмыра, тоқыра, мекіре, құбыла, мәжіліс, тоқырауын, құбылыс, шақырым, ықылым, ыңыран, ысырап, ібіліс, оқыра, омырау, саңылау, тәжірибе, текірек, шатыраш, шежіре, шүңірей, ықылас, ықылық, ғылыми, бүкірей, иірім, ерітінді, басылым, көрініс, жұмырық, сауырын, жайылым.
Қазақ тілінде тірек дауыссыз ретінде дауыссыздардың жуан езулік үндесім варианты алынатынын еске алсақ (б
Достарыңызбен бөлісу: |