Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,өзінше ой түюге баулу,мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығарма әдеби талдау дағдыларын дамыту, ғылыми жұмысқа бейімдеу,ізденуге талпындыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Әдіс- тәсілдер:
Блум таксономиясы бойынша,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдіс-тәсілдері
Менің атым-Қожа повестінің мазмұнын толық меңгереді.
Шығарма идеясын таниды.Өзіндік ой түйеді.
Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп,алға қарай да өмірде пайдалану;
Өз бетімен білім алуға мүмкіндік туғызу;
Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу;
Негізі идеялар
Қожа бейнесі арқылы,оқушыларды адамгершілікке,мәдениетілікке,әдебиетті сүюге,
үлгі-өнеге алуға шақыру.Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу
Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін
шеңберге тұрып, «Не ортақ?» тренингін өткіземін
Оқушылар арасында ынтымақтастық
атмосферасы орнайды. Не ортақ ?
екеніне сыни ойлана отырып жауап
береді (Мыс: мектеп ортақ,білім
ортақ,туған жеріміз ортақ...)
Топқа бөлу
Сынып 4 топқа бөлу,сыныпта 20 оқушы, әр топ
5 оқушыдан болады.
Топбасшысын сайлау.
«Ортадағы қаламсап» стратегиясы арқылы «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз.кім берілген сұраққа
тез жауап берсе,ол сыныптың лидері,яғни топты сол оқушы басқарады.
Сынып оқушылары пазлдар арқылы
топқа бөлінеді.
Ортадағы қаламсап әдісі арқылы,
топбасшысы сайланды.
І. Білу, тану
«Менің атым Қожа» атты кітап,хикаят,яғни,повесть,кіріспені қоспағанда
27 тараудан тұрады,ал біздің оқулықтағы үзінді
Қосымша деректер:
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм 1963 жылдың наурызында
түсіріле бастап,1964 жылы экранға шығарылды.Фильмді,тек Қытай мен Албаниядан басқа,
әлемнің түгел елі дерлік сатып алды.
Бұл фильм Қан фестивалында»Режиссерлігі үшін» деген арнайы сыйлық алды.Фильмді
түсірген режиссер – Абдулла Қарсақбаев.
Қожа рөлінде Нұрлан Сегізбаев,Жанар-Гүлнар Қурабеава,Сұлтан-Марат Көкенов,одан
басқа Бикен Римова,Рая Мұхамедярова сияқты актерлер ойнаған.
Сотқарлау,бір жаны таза кейіпкері туралы Бердібек Соқпақбаев былай деген екен
(үнтаспа тыңдау):
«Алыстан арбалап материялдар тасымаймын,архивтің шаңын жұтпаймын.Жақыннан,
басымнан кешкенді,өз айналамды дорбалап жинаймын.Бір сөзбен айтсам,өзін жазатын
жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес,менің өзіме ұқсайды
ІІ.Түсіну
(топтық тапсырма)
І т Өзі туралы жазатын
жазушы кім?
ІІ топ
Әңгімелерден Қожаның
ішкі ойын тауып оқу
ІІІ топ
Басты кейіпкер туралы не білесің?
І т
Бердібек Соқпақбаев өзін жазатын жазушы.
Себебі ,Қожаның мінез-құлқы оған ұқсайды.
ІІ т.
Өлеңді жаттамаған Қожа мен жантастың іс әрекетін
салыстырмалы сипаттайды.
ІІІтоп
Оқулықтан тауып оқып, түсіндіреді
Басты кейіпкер-көркем шығармадағы оқиғаға
қатысатын негізгі адам.
Әңгімедегі басты кейіпкер Қожа