Телефон: Че за собрания? Мені неге шақырмайсыңдар?
Ханшайым: Сенен келген зиянның шешімін таба алмай жатырмыз.
Телефон: Ойбай менің қандай зиян тигіздім? Тек жақсы қасиеттерім болмаса.
Ханшайым: Ал сенде біз сияқты жақсы қасиеттер барма?
Телефон: Әлбетте бар. Менде интернет желісі бар одан кез келген іздеген нәрсемді таба аламын, сендерде бар қасиеттің менде 2 есесі бар.
Ханшайым: Бәрі бір де бізден асып түсе алмайсың!
Телефон: Мен бәрібір де сендерден асып түсе аламын менен асып түсем десендер өздерің де бар қасиетті көрсетіндер ал
1-ханшайым: Біз сен сиқты балаларға зиянын тигізбейміз.
2- ханшайым: Сені көрген балалардың көру қабілетімен естуі нашарлайды.
3- ханшайым: Есте сақтау қабілетінен де айырылады.
4- ханшайым: Ал біз ерлік пен батырлыққа.
5- ханшайым: Достық пен мейірімділікке үйретеміз.
Осылай телефон мен ханшайымдар дауласып жатады.
Қорқыныш: Тоқтандаршы! Тоқтандаршы! Дауласқанша баланың естеліктеріне саяхатқа барып барлығын өз көздеріңмен көріндер.
Ханшайыммен телефон баланың әрбір естелгіне саяхат жасайды.
1-қойылым. Бала телефон арқылы ойнап отырып жеңіліп қалып лақтырып ашуға беріліп үстел үстіндегі заттарды қиратады(баланың жанында ашу баланың эмоциясын басқарып тұрады).
Осы көріністе басқатырғыштар мен ханшайымдар қадағалап тұрып өзара сөйлесіп тұрады.
Бала: Туфф! Мына ойыннан жеңіліп қала бердім ғой!
2-қойылым. Баласы ойын ойнап отырған кезде анасы баласын уайымдап тамаққа шақыруға келеді.
Анасы: Балам жүре ғой тамағынды іше ғой, ойынынды содан соң ойнарсың ешқайда кетпейді.
Баласы: Туфф! Анашым кедергі жасамаңызшы, қәзір ұтылып қаламын!
Анасы мұңайым бөлмеден шығып кетеді.Бұл көріністі көріп басқатырғыштар мен ханшайымдардың еңселері түседі.
3-қойылым. Көрген көріністерді талқыға салып жатады.
Қуаныш: Маған бір ой келді кәнекей баланың есіне отбасымен бірге өткізген кездерін есіне салайық.
Баласы телефонмен ойын ойнап отырып көзі терезеге түсіп кетеді ол жерде аулада балалар ата-әжесімен күліп ойнап жүр еді.
Баланың есіне сол кезде өзінің ата-әжесімен бірге өткізген қызықты сәттері түседі сөйтіп ол телефонындағы ата-әжесімен өткізген сәттеріндегі бейне роликтерді көре бастайды, осы кезде әкесі баласының ұйқыға жатқанын қарау үшін келгенде есіктен ата-анасының дауысын естіп есікті қағып кіреді.
Әкесі баласының қасына жайғасады.