Ферменттердің активтігіне температураның әсері. Ферменттердің әсері температураға байланысты болады. Жоғары активтік көрсететін температураны оптимальды температура дейді. Адам мен сүтқоректілердің ткані мен сұйықтықтағы фермент үшін оптимальды температура – 38 – 40ºC. Өзінің химиялық табиғатының күшіне байланысты ферменттер қыздырғанда инактивацияланады, себебі олар термолабильді. Осы жағдайды зерттеу үшін фермент ретінде сұйытылған сілекей, ал субстрат ретінде 0,5 % крахмал ерітіндісін алады.
Жұмыстың барысы: Нөмірленген 4 – пробиркаға тамызғышпен 2 мл крахмал ерітіндісін құяды. 1 – пробирканы қайнап тұрған су жылытқышына, 3 – ні бөлменің температурасында, 2 – ні 40ºC су жылытқышына, 4 – ні мұз немесе қарға салып қояды, барлығын осы жағдайларда 10 минуттай ұстайды. Барлық пробиркаға 0,5 мл сілекей құйып, жақсылап араластырып, бұрынғы жағдайларында 15 минут тұрғызады. Содан кейін пробиркаларды суытып, йодпен реакция жасайды.