Сабақ Тақырыбы: Белоктарға түсті реакциялар


Тақырыбы: Майда еритін витаминдер



бет16/24
Дата15.11.2023
өлшемі84,9 Kb.
#123027
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
Зертханалық сабақтардың орындау нұсқаулығы Биоорганикалық химия 2023 (1) 2

Тақырыбы: Майда еритін витаминдер.
Мақсаты: биологиялық активті қосылыстар: витаминдерге жалпы сипаттама беру, витаминдердің классификациясына, витаминдердің тотығу – тотықсыздану реакциялары және витаминдерді алу жолдарымен танысу.
Тапсырма: 1. Ретинолдың концентрлі күкірт қышқылымен реакциясы

  1. Балық майындағы А витаминін колориметрлік әдіспен анықтау

  2. Кальциферолға анилиндік татпа.

Қажетті құрал-жабдықтар: 1 тамшы балық майын және 5 тамшы хлороформ, 1 тамшы концентрлі күкірт қышқылы. Штативтер пробирклар, пипеткалар, күкірт, электороплитка, пробирканы ұстағыш.

  1. Ретинолдың концентрлі күкірт қышқылымен реакциясы. Құрамында А витамині бар балық майының хлороформды ерітіндісіне концентрлі күкірт қышқылын қосқанда қызыл түске боялады, кейіннен ол қызыл – қоңыр түске айналады.

Жұмыс барысы: құрғақ пробиркаға 1 тамшы балық майын және 5 тамшы хлороформ қосып, араластырып, оған 1 тамшы концентрлі күкірт қышқылы қосылады. Сұйықтық қызыл түске боялады.

  1. Балық майындағы А витаминін колориметрлік әдіспен анықтау

Бұл әдіс А витаминінің үшхлорлы сурьмамен сірке ангидридінің қатысында реакцияласып, көк түске бояла жүруіне негізделген. Пробиркадағы түстің боялу қарқындылығы пробиркадағы А витаминіне тура пропорционал екендігін фотоэлектроколлориметр арқылы анықтайды.
Жұмыс барысы: 2,5 г балық майы 25 мл хлороформда өлшеуіш колбада ерітіледі. ФЭК кюветінің біріне 0,4 мл балық майының хлороформдағы ерітіндісіне 1-2 тамшы сірке ангидриді (ылайланбас үшін) және 4 мл үшхлорлы сурьма ерітіндісі құйылады. 10 секундтан соң оны тек қана сурьма /ІІІ/ хлориді ерітіндісімен толтырылған кюветаға теңестіріп (салыстырып) 620 ммк-да фотометрлейді. Зерттелетін ерітіндідегі А витаминінің концентрациясын калибрлеу графигі арқылы табады, ондағы әрбір анықталатын экстинкцияның мәні 0,4 мл ерітіндідегі А витаминінінің белгілі мөлшеріне сәйкес келеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет