Сутект асқын оксидін бұзатын ферменттер. Каталаза.Ферменттер табиғаты көпке дейін таласта болды. Кейбір авторлар ферменттер белок емес десе, ал кейбірі белоктар қосылысы ретінде қарады. Ең бірінші рет И.П.Павлов ферменттердің белок екенін ашты. Дәлелдеу үшін мынандай тәжірибе жүргіземіз.
Тәжірибе принципі. Зерттелетін ферменттер ретінде сілекей амилазасын, «белок ферменті» ретінде пепсинді пайдаланады. Ал, субстрат – крахмал. Пепсин үшін оптимальды реакция ортасы Ph = 2,0, ал амилаза үшін – 7,0.
Жұмыс барысы. 2 пробирканың біреуіне 1 мл пепсин, 2 – не 1 мл тұз қышқылын құяды. Екеуінде де 1 мл сілекей құйып араластырып, 38ºC термостатта не су жылытқышында 60 минут ұстайды. 2 – ші нөмірлі пробирка бақылау ретінде қаралады /пепсині жоқ қышқыл ортаға сілекей ферменті/.
Белгілі уақыт өткеннен кейін әр пробиркаға 1 мл крахмал ерітіндісін құйып жақсылап араластырып, 1мл – ден 3 пробиркаға құйылады. Пробирканың ішіндегісін ұқыпты түрде 4 – 5 тамшы 0,1 н NaOH пен нейтралдап; пробиркаларды шайқап пен нейтралдап; пробиркаларды шайқап 30 минут термостатта ұстайды. Соңында татпаларды алып йод тамызамыз. Пепсині бар пробирка көк түске, ал пепсин құйылмай тек қышқылы бар пробирка /амилаза әсерінен крахмал ыдырайды/ амилаза қышқылмен инактивацияланбайды, түсі өзгермейді. Қорытынды жасаңдар.