№ 13 зертханалық жұмыс Тақырыбы: Липидтердің физика-химиялық қасиеті Мақсаты: Тұқымдағы липидтердің жалпы мөлшерін, сабынданатын липидтер түрлерін, майлардың физикалық және химиялық қасиеттері және майлар мен липидтердің алмасуын үйрену
Тапсырма:1. Тұқымдағы липидтердің жалпы мөлшерін тұндыру жолымен анықтау
2. Майларды эмульгирлеу
3. Сүттен майды бөлу
Қажетті құрал-жабдықтар: 1,0-1,5г жаңғақ не көкнәр дәні, 250мл колба, 35-40 мл метанол және 35-40 мл хлороформ, 100-105С термостат, бюкс, эксикатор. 20 тамшы дистелденген су, 20 тамшы екі рет сұытылған өт, 20 тамшы 1 жұмыртқа белогы, 20 тамшы 1 сабын ерітіндісі, 20 тамшы 1 көмір қышқыл натрийдің ерітіндісі, 2 тамшыдан өсімдік майын, әбден араластырамыз. 6мл сүт 2мл 10 натрий корбонаты ерітіндісі, 5мл эфир, су ваннасы, желдеткіш шкаф. Штативтер пробирклар, пипеткалар, күкірт, электороплитка, пробирканы ұстағыш
Тұқымдағы липидтердің жалпы мөлшерін тұндыру жолымен анықтау
Әдістің принципі: Тканьмен липидтерді хлороформетанолдың берілген мөлшерін еріткіштің көп мөлшерімен үздіксіз тұндыру арқылы жүргізіледі. Липидтерді анықтауды құрғақ, ауа арқылы құрғатылған материалдардан да анықтауға болады. Ауада кептірілген материалдардан липидтерді ығыстырғанда, сонымен қатар су мөлшерінде анықтайды.
Себебі алынған материалдағы май мөлшері экстракцияға дейінгі және экстракциядан кейінгі салмақ айырмасы арқылы анықталса, сондықтан суда осы май тәрізді анықталады. Экстракция қағаз пакеттерде жүргізіледі.
Тығыз фильтр қағазынан өлшемнің 10х18см кесінділер аламыз да, олардан ұнтақ салатын пакеттер жасаймыз. Пакеттің ұзындығы 6,5-7 см болу керек. Алынған материал осы пакетке салынып, одан соң 12х20 см өлшемді пакетке салынады.
Алынған материал мөлшері құрамындағы май мөлшеріне байланысты. Көкнәр, май кене, грек жаңғағының дәндерінің құрамында 50 -ке дейін май болады, сондықтан олардан 1-1,5 г алынады.
Жұмыс барысы: 1,0-1,5г жаңғақ не көкнәр дәнін келіде езіп, әбден өлшенген, кептірілген пакеттерге салады да өлшейді.
Пакет салмағы мен осы салмақ айырмасы езілген заттың салмағын береді. Енді пакетті ішіндегі затымен үлкен өлшемді 2-ші бір пакетке салып, сиымдылығы 250мл колбаға орналастырып, үстіне 35-40 мл метанол және 35-40 мл хлороформ құяды. Колбадағы заттарды араластырып, аузын тозды тығынмен жауып, бір жетіге қараңғы жерге қояды.
Келесі сабақта майсызданған материалды колбадан алып, 2-3 рет хлороформмен жуып, кең кристаллизаторда еріткішін буландырып, 100-105С термостатта 2-2,5 сағат кептіреді. Сонан соң пакетті бюкске орналастырып, эксикаторда 45 минут суытып өлшейміз.