Сабақ тақырыбы Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық»



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата29.09.2022
өлшемі275,32 Kb.
#40736
түріСабақ
1   2   3
Сабақ барысы 
Сабақтың 
жоспарланға
н кезеңдері 
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері 
Ресурстар
 
 
Сабақтың 
басы 
 
 
 
 
 
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. 
Психологиялық ахуал тудыруда бейнелеу сөздерді пайдаланып, бір-
біріне ізгі ниет білдіру (1 мин.)
Қазақстандық кәмпиттер арқылы топқа бөлу (1 мин.) (Дәйектеме: 
ынталандыру үшін қолданылған) 
Ширату жаттығуы:
Үш минут ішінде әдебиеттен таныс көріктеуіш құралдар туралы 
білетіндерін айтады (3 мин.) 
(Дәйектеме: ширату жаттығуды орындату барысында шығармаға 
тілдік талдауда көріктеуіш, бейнелеуіш сөздерді еске түсіру арқылы 


 
 
 
Сабақтың 
ортасы 
 
 
тақырыпқа шығу) 
1-тапсырма: 
Өткен сабақпен байланыстыру (алдыңғы тақырып – 1-сабақ «Әл Фараби» 
байланысы) – 8 мин. (жеке жұмыс) – барлық оқушылар орындай 
алатын тапсырма. 
 Қосымша ақпаратты толтыру кестесі 
Қосымша ақпарат 
Оқиға мәтінін ашатын 
сөздер 
... 
... 
Жаңа сабақ
Доспамбет жырау (1490 – 1523) — жырау, қолбасшы, 
батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу 
кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери 
қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, 
Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының 
жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. 
Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 
жылы Астрахан маңында қаза тапты. Доспамбет жырау жырларынан 
оның мұрат - мақсаты, түсінік - талғамы, дүниеге көзқарасы анық 
аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін 
жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас 
имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол 
заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды. «Айнала бұлақ 
басы таң», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ 
тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» т. б. 
шығармалары бар. Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен 
жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра 
сипаттайды.
Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау 
өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын 
үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына 
арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, 
отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты
дарқандықты, қонақжайлылықты ата - бабадан келе жатқан асыл дәстүр 
ретінде дәріптейді. Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы 
тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. 
Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін 
қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен 
пайдаланып, ойдың әсерлілігі һәм өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет 
жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, 
Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. 
Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың 
шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының 
көпшілігі жорық үстінде қолма - қол айтылған. Сондықтан ел жадында 
сақталғандары ғана бізге жеткен. Осы аз ғана жырларының өзінен - ақ 
оның жырды түйдек - түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны 
аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М. 
Османовтың «Ноғай уа құмық шығырлары» атты жинағына енген. Кейін 
1896 жылы 
В. Радловтың «Халық әдебиетінің үлгілері» деген жинағына басылды. 
Интерактивті 
тақтаның 
көмегімен 
кестені 
қолдану 
Үлестірме 
материал. 
Графикалық 
органайзерлер
, 147-бет 


Оның жырлары «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV - XVIII 
ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», т. б. сан алуан 
хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді. 
Дескриптор
Білім алушы: - қосымша ақпаратты анықтау;
- оқиға мәтінін ашатын сөздерді анықтау
Дескриптор
Білім алушы: - шығармадағы 5 түрлі бейнелеу, суреттеу
құралдары кездесетін сөз бен сөз тіркесін
анықтап, жырдағы қолданылу мағынасын өз
сөзімен түсіндіреді (өте жақсы);
- шығармадағы 4 түрлі бейнелеу, суреттеу
құралдары кездесетін сөз бен сөз тіркесін
анықтап, жырдағы қолданылу мағынасын
түсінеді (жақсы); 
- шығармадағы 2-3 түрлі бейнелеу, суреттеу
құралдары кездесетін сөз бен сөз тіркесін
табады, мағынасын ашпайды (жақсартуды қажет
етеді); 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет