Сабақ тақырыбы Галогеналкандарды алу Сабақ типі Жаңа тақырыпты игеру



бет3/5
Дата02.05.2023
өлшемі70,48 Kb.
#89038
түріСабақ
1   2   3   4   5
Жаңа материалды игеру
Галогеналкандардың анықтамасы:
Орынбасушы радикалы бар органикалық қосылыстар: −F, −Cl, −Br немесе −I барлығы бірге галогеналкандар ретінде белгілі. Сондай-ақ бұл қосылыстарды көмірсутектердің галоген туындысы, галогенденген көмірсутектер немесе алкилгалогендер (фторидтер, хлоридтер, бромидтер немесе йодидтер) деп те атайды. 
Көмірсутектердің галогентуындылары — көмірсутек молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарының орнын галоген атомдарына алмастырғанда түзілетін қосылыстар екендігімен таныссыңдар. Химиялық белсенді болғандықтангалогеналкандар органикалық синтезде кең қолданылады. 


(Ж) (Б) Метанды хлорлау реакциясының механизмін сипаттауды Студенттерге ұсыныңыз. Олардан осы реакциядағы жарықтың ролі, сонымен қатар реакцияға қатысатын заттардың табиғаты жайлы сұраңыз.


Галогеналкилдерді алкандарды галогендеп алуға болады
Жарықтың немесе температураның әсерінен сутек атомдары галогенге алмасатындығымен сендер алкандардың химиялық қасиеттерін өткенде таныстыңдар:
CH4 + Cl2 -> СН3Сl + HCl
Реакция радикалды механизм бойынша жүреді және оның жағдайына байланысты моно-, ди-, три-, тетрахлортуындылардың қоспалары түзіледі. Қоспадан жеке заттарды айдау арқылы бөліп алуға болады. Метан сияқты оның гомологтарының сутектерін де галогендерге алмастыруға болады.
Галогеналкандарды бірнеше алу әдістері бар, олар мәтінде қарастырылған. Ал біз метанды хлорлау реакциясының механизмімен жақын танысамыз.


(Т немесе С) Студенттерді топтарға біріктіріп, үш сатымен: иницирлеу, тізбектің өсуі және үзілуі арқылы жүретін реакциялардың механизмін қарастыруды ұсыныңыз.
Алканды хлорлау реакциясы өз бетімен тоқтап қалуы мүмкін бе?
Мұғалім Студенттерді топқа random team generator бағдарламасын қолданып 3 топқа бөледі. Студенттер үш топта мәтін бойынша жұмыс жасайды.
Галогеналкандарды алкандар мен галогендерді тікелей әрекеттестіру арқылы алуға болады. 
Атомдық массасының өсуімен галогендердің алкандарды алмастыра алу қабілеттері азаяды, бұл алканды газтектес хлор мен бром қоспасымен әрекеттестіргенде, өзіне тән хлор туындыларының түзілуімен жалғасын табады.
Метанның галогендену реакциясы тізбекті бос радикалды механизмі бойынша жүреді. Жұптаспаған дара электрондары бас белсенді бөлшектер бос радикалдар деп аталады.

(Ж немесе Т) Органикалық химия курсында кездесетін бос радикалды механизм бойынша жүретін орынбасу реакцияларын анықтауға Студенттерге тапсырма беріледі.




Студенттер топтық жұмысты аяқтаған соң, мұғалім балалар арасында өзара бағалау жүргізеді. Студенттер бір-біріне баға қойып, ұсыныс жасау мүмкін. Мұғалім сабақты қорытындылайды.


(М, Ж) Хлор және фторалкандардың өнеркәсіптік қолдануы жайлы мәтінмен (мұғалім алдын-ала дайындайды) жұмысты Студенттерге ұсыныңыз. Мәтінмен жұмыстан кейін осы галогеналкандарды қолдану бойынша интеллект-карта (сызбанұсқа) құруды Студенттерге ұсыну.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет