Сабақ тақырыбы: Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi


Постермен жұмыс жасау барысында «Тыңдаймыз-білеміз, жазамыз-есте сақтаймыз»



бет3/6
Дата05.05.2023
өлшемі396 Kb.
#90423
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
пиза ҚМЖ

Постермен жұмыс жасау барысында «Тыңдаймыз-білеміз, жазамыз-есте сақтаймыз» топ ережесіне сай мәтінде кездескен термин сөздерді анықтап, дәптерге жазады.

Дескриптор

Белгі

1.Ішкі энергияны сипаттайды
2.Өмірмен байланыстыра алады.




ҚБ: әр топ бір - бірін бағалайды


Кері байланыс: Тапсырма орындау барысында қандай қиындықтар болды?


Сергіту сәті
«Жылы жүрек»
Бұл ойын арқылы балалардың көңілі көтеріледі және ішкі энергияны өзгертудің тәсілін қолданады.


3. Жұптық жұмыс. «Зерделеу және зерттеу» әдісі
Тиынды ағашқа үйкеген кездегі оның ішкі энергиясының өзгеруінің үйкеліс күшінің шамасына және жүрілген жолға тәуелділігін зерттеңдер. Жүрілген жолды өлшеу үшін, алдын ала белгіленген бөлікте тиынды ары-бері үйкеңдер. Тиынға түсірілген қысым күшін арттыру немесе кеміту арқылы үйкеліс күшін өзгертуге болады. Қорытынды жасаңдар: алынған нәтиже теорияны дәлелдей ма?


ҚБ: Жапондық бағалау әдісі арқылы жұптық бағалау


Кері байланыс: Тапсырма орындау барысында қандай кедергілер кездесті?
4.Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы аспектілері.
Мәнмәтін. Қызу жұмыс. Жеке жұмыс


Сұрақ 1: ҚЫЗУ ЖҰМЫС
Петр өзінің ескі үйін жөндеп жатыр. Ол көлігінің жүк бөлігінде суы бар бөтелке, бірнеше шегелер мен ағаш кесінділерін қалдырып кетті. Көлік күннің астында 3 сағат тұрған соң, оның ішіндегі температура 40ºC-ге жетті. Көліктің ішіндегі заттар қандай күйге ұшырайды? Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Көліктегі заттармен келесі жағдайлар болды ма? Иә немесе Жоқ
Барлық заттардың температурасы бірдей болды Иә / Жоқ
Біраз уақыттан кейін су қайнай бастады Иә / Жоқ
Біраз уақыттан кейін шегелер ыстықтан қызара бастады Иә / Жоқ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет