Сұрақ 2: ҚЫЗУ ЖҰМЫС
Петр өзіне температурасы 90ºC бір шыны кофе және бір шыны 5ºC мұздай минералды су құйды. Екі шыны мен сусындардың көлемдері бірдей. Петр отырған бөлменің температурасы болса 20ºC шамасында болған. Кофе мен минералды судың температурасы 10 минут өткен соң кандай
болуы ықтимал?
A 70ºC және 10ºC
B 90ºC және 5ºC
C 70ºC және 25ºC
D 20ºC және 20ºC
Дескриптор
|
Белгі
|
1. Көлік ішіндегі заттардың қандай күйге ұшырағанын сипаттайды.
2. Кофе мен минералды судың 10 минут өткен соңғы температурасын логикалық ойлау арқылы болжайды .
|
|
ҚБ: Мадақтау әдісі
Тапсырманы бекіту кезеңінде «TV show» әдісі қолданылады. Яғни, мұғалім микрофон ұстап әр топқа тақырып аясында сұрақтар ұсынады, топ мүшелері жауап береді. Бұл әдіс оқушылардың тілдік дағдыларын, көпшілік ішінде өзін ұстай білу мәдениетін дамытады.
5. Жеке жұмыс. «Ғажайып конверт» әдісі
1-тапсырма. "Кестені толтыр"
Келтірілген мысалдардан ішкі энергиясы кемитін және ішкі энергиясы артатын денелерді көрсетіңдер.
1.Ыстық кір тасын суық су құйылған стақанға салдық
2.Ыстық көмірдің үстіне қорғасын тілімдерін қойдық
3.Шай қасықты қайнаған су құйылған стақанға салдық
4.Қолымызда бір түйір мұз бар
5.Жартылай ыстық суы бар шелекке суық су еселеп құйдық
-
2-тапсырма. Ішкі энергияны өзгертудің бір тәсілі суретте көрсетілген. Колба ішінде ауа бар.
а) Ішкі энергияның өзгерту тәсілін атап көрсетіңіз
б) Колба ішіндегі ауаның ішкі энергиясын өзгертудің тағы бір жолын жазыңыз
Бағалау критерийі: дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін
сипаттайды
Дискриптор
- ішкі энергиясы кемитін денелерді анықтайды
- ішкі энергиясы артатын денелерді анықтайды
- дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілін сипаттайды
- ішкі энергияның өзгеру жолын ұсынады
Достарыңызбен бөлісу: |