V.Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§§68, 69. 30-жаттығу.
8-сынып
Сабақ тақырыбы: §§70.71.72. Линзалар. Линзаның оптикалық күші. Линзада кескін шығарып алу. Жұқа линза формуласы. Линзаның үлкейтуі.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға линзалар, олардың түрлері, линзаның оптикалық күші, линзада кескін алу үшін пайдаланылатын сәулелер, линза формуласы, линзаның үлкейтуі
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар:
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тарауды қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Линзалар деп екі сфералық немесе бір сфералық және бір жазықтықпен шектелген мөлдір шыны денелерді атайды. Линзалардың екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш.
Сыну беттерінің пішініне қарай бөлінетін линзалар түрлері:
Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердің С1, С2 центрлері арқылы арқылы өтетеін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды.
Оптикалық осьтің бойында линзаның центрінде жатқан О нүктесін линзаның оптикалық центрі деп атайды.
Линзаның центрінен фокусқа дейінгі ОҒ ара қашықтығы линзаның Ғ фокустық қашықтыы деп аталады. 2Ғ нүктесі екі еселенген фокустық қашықтық деп аталады.
Линза фокусында бас оптикалық оське перпендикуляр фокустық жазықтық орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |