Сабақ тақырыбы. Кіріспе. Омыртқасыздар зоологиясы жеке ғылым ретінде. Сабақ жоспары



бет14/56
Дата17.04.2023
өлшемі177,48 Kb.
#83523
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
Дәріс № 7


Сабақ тақырыбы. Желбезек аяқтылар класс тармағы (Branchiopoda). Жақ аяқтылар класс тармағы (Maxillopoda).
Сабақ жоспары:



  1. Желбезек аяқтылар (Anostraca) және жапырақ аяқтылар (Phyllopoda) отряды. Қалқанды шаяндар отряд тармағы (Notostraca), олардың арнаулы тіршілік жағдайларына бейімделуі.

  2. Бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері отряд тармағының (Cladocera) басты өкілдері, олардың тәжірибелік маңызы.

  3. Ескекаяқты шаяндар отряды (Copepoda) құрылысындағы ерекшеліктер. Мұртаяқты шаяндар отряды (Cirripedia) өкілдерінің құрылысы мен тіршілігі

Желбезекаяқты шаяндаротряды.


Денелері ұзын, гомономды сегменттелген, басы протоцефалон құрылысты акрон және антеннальды сегмент, жак сегменттері тұтас бірікпеген, науплиальды және фасеттік көздері бар қарапайым шаянтәрізділер, 11-19 сегментті кеудесінің әрқайсысында орналасқан екі тарамды жапырақтәрізді аяқтарымен қозғалады, тыныс алады эжәне корегін аузына жеткізеді. Құрсағы 8 сегментті, аяқтары жоқ, жақсы дамыған айыршамен аяқталады.
Жүрегі ұзын, көп камералы Желбезекаяқтылардың 180 ге жуық түрлерінің басым көпшілігі тұщы суда мекендейді Жұмыртқалары сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді келеді, сол арқылы кең таралады.
Желбезекаяқтылардың жұмыртқалары арнайы жұмыртқа қапшығына түсіп, кейін суға тасталынады. Олар қолайсыз жағдайларға төзімді және су ағынымен аса қашық жерлерге таралады.
Жапырақаяқты щаяндар отряды
Жалпы құрылысы жағынан желбезекаяқты шаяндарға ұқсас, тек бас сегменттері тұтасып біріккен және денесін түгел, не жартылай жауып жатқан жалпақ шатыр немесе қосжақтаулы берік бас қалқаншасы карапакстың дамуымен ерекше. Кеуде бөлімі көп сегментті, жапырақтәрізді екі тарамды аяқтарытек кеудесінде дамыған, солармен жүзеді, тыныс алады, корегін аузына қарай жылжытады. Құрсақ сегменттері редукцияға бағытталған, науплиус және фасеттік көздері болады.
Қалқанды шаяндар отряд тармағы.
Қалқандылар су түбін қопарып, су ластанған акезде, оның ішіндегі детрит кесектерімен және ұсақ жануарлармен коректенеді. Корек барлық аяқтарының шайнағыш өсінділерінің көмегімен ұсталынып, аяқтарының арасындағы құрсақ ойысшасы бойымен ауызға қарай тасымалданады. Қалқандылар партеногенез жолымен көбейеді популяциядағы 1000 аналығына ең көп дегенде 10 аталығы сәйкес келеді. Қалқандылар ұсақ, жақсы жылынатын тұщы су қоймаларында мекендейді және жиі аяқ астынан көп мөлшерде қатты жаңбырлардан кейін жиналған суларда дамып шығады.
Бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргшелері отряд тармағы.
Дафнияның басқа бұтақмұртты шаяндардан ерекшелігі даму жолында екі түрлі ұрпақтың алмасуы немесе гетерогония байқалады партеногенетикалық және қос жынысты. Әдетте , көктемде қыстап шыққан жұмыртқалардан партеногенетикалық аналықтары шығып, олар ұрықтанбай келесі партеногенетикалық аналықтарының бірнеше ұрпақтарын бере бастайды. Соңғы партеногенетикалық аналықтары ұрықтануға дайын, кейін жаңа партеногенетикалық ұрпақтарды шығаратын жұмыртқаларды салады. Ұрықтанбаған, тек қана аналықтарды беретін жұмыртқалар нәзік қабықпен қапталынған және оларды аналығы денесінің арқа жағында бақалшақтың арасында орналасқан арнайы ұрпақшығару камерасында сақтап, сыртқа шығарады. Жұмыртқадан шыққан аналықтары аталықтарымен шағылысып енді тыныштық күйдегі жұмыртқаларды салады. Олар алдымен ұрпақ шығару камерасындаорналасады да, кейін бір немесе екі қабатты, қатты эфиппиум деп аталатын калың қабыршақтармен қапталынады. Эфиппиум күйінде жұмыртқалар қыстап шығады да көктемде даму процесі қайтадан басталады. Сөйтіп, бір цикльдің ішінде екі түрлі ұрпақтың кездесіп отыруы байқалады.
Бұтақмұртты шаяндардың тәжірибелік маңызы зор. Олар тек омыртқасыздарға ғана емес, барлық балық шабақтарына да корек бола алады.
Ескеаяқты шаяндар отряды.
Бұлартұщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін, планктонның жәнесу түбі фаунасының ең маңызды және тұрақты құрамы. Паразиттік түрлері бар. Ұзындығы 0,1 мм ден 3 см ге дейін, кейбір паразит түрлері 30 см ге дейін. Денелері жақсы сегменттелген басы кеудесінің бірінші сегментімен бірігіп біткен кеудесі 5, құрсағы 4 сегментті, ұшы айырша аналь қалақшасымен аяқталады. Тек науплиус көзі дамыған, күрделі көздері жоқ.
Дамуы метаморфозбен өтеді, личинкалары. науплиус, метанауплиус және копеподид.
Ескеаяқты шаяңдардың басқа су жануарлары үшін азық қоры есебінде аса үлкен маңызы бар және кәсіптік мәні бар бірқатар балықтардың негізгі корегі.
Мұртаяқты шаяндар отряды
Бұлар бекініп тіршілік ететін теңіз шаяндары, паразит формалары да бар. Өзінің тіршілік циклін еркін жүзетін науплиустан бастап, кейін циприс деп аталатын келесі личинкалық сатысына айналады
Оның қосжақтаулы бақалшағы болады. Личинка алғашқыда жүзіп жүреді, кейін су түбіне шөгіп, антеннуласындағы цементті бездері арқылы субстратқа бекінеді. Антеннулалары мен басының алдыңғы бөлімі түгелімен бекінумүшесіне айналған, бір түрлерінде олар ұзын бұлшықетті сабақша, ал басқаларында жалпақ табан түрінде болады, қалған дене бөлімдері суда бос жатады. Бекініп тіршілік етуіне байланысты денесінде біраз өзгерістер байқалады антенналары мен күрделі көздері дамымаған , кеуде аяқтарының 6 жұбы қоректі аузына қарай әкелуші, екі бұтақты ұзын мұртшаларға айналған отрядтың аты да осыдан, құрсағы жетілмеген, бүкіл денесі /сабақшадан басқа/ тері немесе мантия жамылғы, шапанша/ қатпарларымен қапталған, ол көмірқышқыл ізбесті бөліп шығарып, күрделі бақалшақты құрайды. Сонымен, мұртаяқты шаяндардың ересек түрлері бақалшақпен қапталған, бекініп тіршілік ететін жануарлар, олар шаянтәрізділерді, қарапайымдыларды және басқа суда қалқып жүретін организмдерді корек етеді. Мұртаяқтарының қозғалуының арқасында судың ағысымен келегн корек заттар ауызына барып түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет