Бұлар тұщы суларда және теңіздерде, планктон қабатында жүзіп, су түбінде жорғалап, не шөгіндіде көміліп тіршілік ететін өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін шаянтәрізділер. Ұзындығы 0,2-23 мм-ге дейін теңіз формаларында, ал тұщы судағылардікі 0,3-7,3 мм. Негізгі ерекшеліктері карапаксы денесін толық жауып тұратын қосжақтаулы бақалшақ түрінгде дамыған /класс тармақтың аты да осыдан/, дене сегменттерінің саны азайып, сегменттелу іздері жоғалған.
Жоғарғы сатыдағы шаяндар класс тармағы.
Теңіздерде, тұщы суларда кең тараған, сонымен қатар құрлықта және паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Басқа класс тармақтарына қарағанда құрылыс деңгейі жоғары, сезім мүшелері күшті дамығанжәне соған сай іс-әрекеттері де күрделі, ірі шаяндар. Бұлардың басты ерекшелігі дене сегменттерінің саны тұрақты, басы /акрон және 4 сегмент/ , 8 кеуде және 6 құрсақ сегменттері болады.Дене сегменттерінің әрқайсысында жұп аяқтары болады, тек құрсақтың соңғы сегменттінде аяғы жоқ, ол тельсон деп аталатын тақтаға айналған. Ересек түрлерінде антеннальды бездер зәр шығарады. Жыныс тесіктері аналығының 6-шы, аталығының 8-ші кеуде сегментерінде ашылады. Дамуы метаморфоз жолымен немесе тура /эпиморфоз/ 19000-нан аса түрі бар.
Теңаяқты шаяндар отряды.
Бұлар теңіздерде, тұщы суларда, құрлықта мекендейтін және паразиттік тіршілік ететін шаянтәрізділер. 4500 ге жуық түрі бар ұзындығы 1 мм-ден 5 см-ге дейін, ал теңіздің терең қабаттарында мекендейтін ұзындығы 37 см.
Денелері дорзо-вентральды бағытта жалпайған. Бас құрылысы күрделі, оған акрон және 4 сегменттен басқ кеуденің 1-2 сегменттері қосылады. Соңғыларының аяқтары жақаяқтарға айналған. Фасетті көздері жақсы дамыған. Карапаксы жоқ, кеуде сегменттерінде бір бұтақты жүру ақтары бар, кейде олардың 1-3-ші алдыңғы жұптары ұстағыш ілмекпен жабдықталған. Құрсағы кеудесінен қысқа, көп жағдайда барлық не біраз құрсақ сегм енттері жарты шеңбер, не ұщбұрыш тәрізді аналь қалқасыменқосылған.
Амфиподалар немесе бүйірімен жүзуші шаяндар отряды.
4500 ге жуық түрі бар, басым көпшілігі теңіздерде жағалау аймақтарда топыраққа көміліп, арнайы қорғаныш түтіктерде және су беттерінде/планктонды/ еркін жүзіп тіршілік етеді. Біразы тұшы суқоймаларында да мекендейді, паразиттік тіршілік ететін түролері дебар. Тайыз суларда бүйірінен жатып жүзе алады /бүйірімен жүзушілер деген аты да осыдан/, ал тереңдеу суларда денесінің кеуде және құрсақ бөлімдеріндегі әр түрлі құрылысты болып келген аяқтарымен жүзеді /екінші атауы да осыдан. Ұзындығы 1-2 см-ден 28 см ге дейін, денесі екі бүйірінен қысынқы. Теңаяқтьы шаяндардағыдай бұлардың да бас құрылысы күрделі, оғ,ан акрон және 4 сегменттен басқа кеуденің 1-2 сегменттері қосылады. Фасетті көздері жақсы дамыған, карапаксы жоқ. Кеуде және құрсақ сегменттеріндегі аяқтарының құрылысы әр түрлі. Кейбір кеуде аяқтары ұстағыш ілмекпен қаруланған және бәрінде түп жағында дерлік жапырақ тәрізді желбезек тақталары болады, бұлар бір бірімен тығыз жанасып бүйір қабырғасын құрайды. Бұлар нәзік құрылысты желбезектерді қорғау, с удың ағынына белгілі бағыт беру және аналықтарында ұрпақ қапшығы ретінде жұмыртқаларына қорғаныш жасау үшін керек.
Оңаяқты шаяндар отряды.
Шаянтәрізділердің ішіндегі жоғары дәрежелі және ең үлкен отряд. 8500-ден астам түрі бар, ұзындығы бірнеше сантиметрден 80 см ге дейін. Басым көпшілігі теңіз бен мұхиттардың барлық тереңдіктерінде, әсіресе, т ропикалық теңціздердің литоральды аймақтарында кең тараған. Онаяқтылардың алғашқы басы протоцефалоны жақсы дамыған, онда жұп фасеттік көздері және екі жұп мұртшалары /антеннула және антенна/ бар. Барлық кеуде сегменттері бастың жақ сегменттперімен бірігіп жақкеуде /гнатоторакс/ бөлімін түзеп, ортақ карапакспен жабылған. Карапакстың бүйір қатпарлары кеуде аяқтарындағы желбезектері жауып тұрады. Кеуде аяқтарының алдыңғы 3 жұбы жақаяқтары, ал қалған 5 жұбы жүру аяқтары /отрядтың аты осыдан. Жүру аяқтарының бірінші жұбы қысқышқа айналған. Құрсақ бөлімісыртқы пішіні және құрылысы жағынан алуан түрлі. Біреулерінде ол ұзын, аяқтары жұзуге бейімделген /креветкаларда, екіншілерінде құрсақ аяқтарының бір бөлігі жойылып, құрсағы жұмсақ және ассиметриялы болып келеді тақуа шаяндарда, енді крабтардың алдына қарай иілген құрсағы қысқа, ал аяқтары рудиментарлы.
Аналықтары жұмыртқаларын құрсақ аяқтарына тіркеп, ұрпақтары шыққанша өзімен алып жүреді. Дамуы метаморфозбен өтеді.