Дөңгелек ауыздылардың систематикасы мен экологиясы. Миногалар. Миксиналар.
Хордалылар типі. Типтің жалпы сипаттамасы.
Хордалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар (минога, миксин), балықтар, кос мекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілср жатады) А.О. Ковалевскийдің зерттеуі бойынша, хордалыларға теңіздерде, көпшілігінде отырып тіршілік ететін асцидиялар, сальпылар, аппендикулярияларды да жатқызуға болады. Кейбір хордалыларға аздаған ұқсас белгілері бар, ішек тыныстыларды да хордалыларга жатқызады. Хордалылардың алуан түрлі болуына карамастан, олардың кұрылысы мен дамуында көптеген ортақ белгілері болады. Хордалылардың басқа жануарлардан басты айырмашылығы мыналар: хордасы немесе арқа желісінің (chorda dorsalis) болуы. Омыртқаның қызметін атқаратын, серпімді, бунақталмаған, иілгіш, денесінің ұзын бойына созылған сым тәрізді желіні хорда деп атайды. Ол ішінде вакуолы көп ерекше тканьнан кұралады. Хорда ұрықтық ішек түтігінің арқа жағынан бөлініп пайда болады, сондықтан хорданы энтодерма қабатынан түзілген деп есептейді. Хорда төменгі сатыдағы хордалыларда (асцидиялар мен сальпылардан баска) өмір бойы сақталса, ал жоғары сатыдағы хордалыларда ұрық дәуірінде болады да, ересек жануарларда омыртқа жотасымен алмасады.
Орталық нерв системасы хорданың үстіңгі бөліміне орналасқан. Бұл түтіктің ішкі куысын — невроцель (neurocoel) деп атайды. Хордалыларда ұрықтың нерв түтігі эктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады (1-сурет). Асқорыту түтігінің алдынғы бөлімі, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулар арқылы қатысады, оларды — желбезек саңылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда да өмір бойы сақталады, басқа хордалыларда ұрықтық даму кезінде болады. Хордалылардың өзіне тән ерекшеліктері. Хордалылар да тікентерілілер сияқты екінші ауызды жануарлар. Дене куысы екінші куыс (целом). Бұның өзі оларды тікен терілілер мен буылтық құрттарға тегі жагынан жақын екенін көрсетеді. Көптеген органдарының метамерлі орналасуы төменгі сатыдағы хордалыларда және ұрықтарда айкын байкалады. Құрылысының күрделенуіне байланысты, жоғарғы сатыдағы хордалыларда метамерия айкын байқалмайды. Хордалылардын денесі бунақталмаған, екі жакты симметриялы болады.