Сабақ тақырыбы. Кіріспе. Омыртқасыздар зоологиясы жеке ғылым ретінде. Сабақ жоспары



бет20/56
Дата17.04.2023
өлшемі177,48 Kb.
#83523
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
Байланысты:
tezis lektsii po zoologiya

Ас қорыту және тыныс органдары. Ауыз алдындағы қармалағыш түктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауызбен жұтқыншақты бөліп тұратын, етті сфинктер болады. Жұтқыншағы кең, ол жүзге жуық желбезек саңылауларын аралап өтеді. Ол сыртқа ашылмай атриальдық немесе желбезек айналасындағы қуысқа ашылады. Атриальдық қуысы бүйір қатпарларының өсуінен негізделген. Қатпарлар құйрық бөлімінде өспейді соның нәтижесінде атриопор деп аталатын тесік пайда болады. Сөйтіп су жұтқыншақтан желбезек сақылаулары арқылы атриальдық қуысқа одан атриопор арқылы сыртқа шығады.
Қан айналу жүйесі — қарапайым, бірнеше қан тамырларынан ғана тұрады. Қаны түссіз. Жүрегі болмайды. Жұтқыншақтың астыңғы жағынан басталған кұрсақ қолқасынан бірнеше желбезек артериялары тарайды. Бұл артериялар желбезек саңылауларының арасындағы қатпарларға келіп ұштасады. Желбезек артериялары ұсақ қан тамырларының торларын құрамай-ақ тотыққан қанды қос желбезек үсті қан тамырларына немесе арқа қолқасының түбіріне апарып құяды. Қос арқа қолқасының түбірі яғни желбезек үсті қан тамырлары қатарласып келіп жұтқыншақтың соңғы бөлімінің тұсына келгенде қосылып, арқа қолқасына айналады. Арқа қолқасы хорданың астыңғы жағынан дененісінің артқы бөліміне дейін созылады. Арқа қолқасынан ішкі органдарға қан тамырлары кетеді.
Зәр шығару жүйесі — жұтқыншақ маңайына орналасқан көптеген (90 пар) нефридия түтікшелерінен тұрады. Нефридия түтікшелерінің бір ұшы желбезек маңындағы қуыспен жалғасады да екінші ұшы целом қуысына еніп тұрады. Осы қуысқа еніп тұратын ұшында, бірнеше тесіктер бар. Бұл тесіктердің іші қуыс, сырты түйреуіштің, басы сияқты клеткалармен — соленоциттармен қапталған. Соленоциттардың іші қуыс оның ішіндегі қозғалып тұратын түктерінің көмегімен, целомның, ішіндегі зәр заттары желбезек қуысына келіп, одан сыртқа шығарылады. Ланцетниктердің зәр заттарын шығару органдары, кейбір буылтық құрттардын, зәр шығару органдарының құрылысына ұқсайды.
Жыныс бездері. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас болғандықтан, оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Олар көптеген (25 пар), шар тәрізді целом қуы-сының желбезек бөліміне орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жо-лы арқылы, желбезек қуысына келіп, одан атриопор арқылы сыртқа суға шығарылады. Жыныстық келеткалар су түбіне жақын қабатқа барып ұрықтанады, яғни ланцетниктің ұрыктануы сыртта болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет