Сабақ тақырыбы. Кіріспе. Омыртқасыздар зоологиясы жеке ғылым ретінде. Сабақ жоспары



бет23/56
Дата17.04.2023
өлшемі177,48 Kb.
#83523
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56
Байланысты:
tezis lektsii po zoologiya

Желбезек аппараты. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан 7 пар желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктерді қуалай желбезекті ішіне қарай жарып қарағанда, онда
көптеген желбезек пластинкаларынын. болатынын байқауға болады. Осы пластинкаларда қан тамырының торы құралады. Желбезек қапшығынық екінші жағындағы ішкі желбезек жолдары жұтқыншаққа барып жалғасады. Дөңгелек ауыздыларда ғана желбезек аппараты энтодермальдық қабаттан пайда болады, ал басқа желбезекпен тыныс алатын омыртқалылардың желбезек аппараты эктодермадан дамиды. Тыныс алғанда су желбезек тесіктерінен желбезек қапшықтарына еніп, ал тыныс шығарганда осы жолмен қайта шығарылады. Желбезек қапшықтары 5-тен 15-ке дейін болады.
Қан айналу органдары. Дөңгелек ауыздылардың қан жүретін органдарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. Бірақ олардың екі камерадан (жүрекшеге, қарынша) тұратын жүрегі болады. Жүрекшеге жұқа қабырғалы веноздық синус (вена қолтығы) жалғасады, оған барлық вена тамырлары қосылады. Құрсақ қолқасынан 8 пар қан алып келгіш желбезек артериясы кетеді. Олар желбезек аралықтарына барады. Әрбір артерия бүтін желбезек қапшығын қанмен қамтамасыз етпейді, ол екі желбезек аралық қатпарға қан алып келеді, анығырақ айтканда, алдыңғы желбезек қапшығының артқы жартысына және одан кейінгі желбезектің алдықғы жартысына қан жеткізеді. Қанды алып кететін желбезек артериялары қолқаның дара түбіріне келіп құйылады, одан алға карай ұйқы артериялары кетеді де ал қолқа түбірі артқа созылып, негізгі арқа қолқасы болып есептеледі. Арқа қолқасы хорданың астымен қуалай отырып, дененің артқы бөлімдеріне артерия қанын таратады. Вена қаны бастан шықшыттың қос веналарымен келіп вена қуысына құйылады. Дененің артқы бөліміндегі вена қаны артқы қос кардиналдық веналарымен келіп, осы вена қуысына құйылады. Ішектерден жиналған вена қаны ішек асты вена мен бауырға келіп, мұнда қан айналуының қақпалық системасы пайда болады. Бауырдағы қан бауыр венасымен келіп вена қуысына құйылады. Бүйректе қан тамырларының қақпалық системасы болмайды.
Жүйке жүйесі. Дөңгелек ауыздылардың миы бес бөлімнен:алдыңғы (tеlепсерһаlоп), аралық (dіепсерһаlоп), ортаңғы (mеsепсерһаlоп), мишық (mеtепсерһаlоп), сопақша мидан (mуеlепсерһаlоп) тұрады. Әсіресе алдыңғы ми және мишық басқа омыртқалылардың миынан кішірек. Көрсетілген ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан, ал жоғарғы дамыған омыртқалылардікі секілді олардың иректері болмайды. Ми қақпағында нервтік заттар болмайды, ол дерлік эпителиядан тұрады. Аралық мидың үстіңгі жағында көру төбешіктері мен эпифиз, ал оның төменгі жағында ми воронкасымен гипофиз орналасқан.
Мидан 10 пар нерв тарайды. Жұлын нервтері екі түбірлі болып (арқа және құрсақ) кеткенімен, бұлар басқа омыртқалылардың нервтері сияқты бір-бірімен косылмайды, сондыктан ондай нерв аралас нерв болмайды. Сезім органдары — өте қарапайым. Есіту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Көздері де нашар жетілген. Миногаларының қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндердің паразиттік тіршілігіне байланысты көздері өте нашар жетілген. Иіс органы дара болғанымен иіс нервтері жұп болады. Иіс қапшықшасының түп жағынан іші қуыс өсінді шығып, мидын, астынан хорданың бастамасына дейін созылады. Бұл өсіндінің атқаратын қызметі толық анықталмаған. Шамалы ғана ойыстанған бүйір сызығының түбінде кезеген нервтің ұштары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет