Сезім органдары. Механикалық қозуларды қабыршақтары-ның үстіне, эпидермистің астындағы сезім клеткаларының жиналған жеріне, сезім дақтарына орналасқан сезгіш “түктері” арқылы қабылдайды. Бірақ суда тіршілік ететін төменгі саты-дағы омыртқалыларда болатын бүйір сызықтарының органдары болмайды.
Иіс органының құрылысында оның иіс сезу жолының ортаңғы бөлімінің төменгі — тыныс алу, жоғарғы нағыз иіс сезу бөліміне бөлінуінің үлкен маңызы бар. Барлық иіс жолының бас жағында айқын бөлінген табалдырық бар, ол оның жұтқыншаққа ашылатын төменгі бөлімі мұрын жұтқыншақ жолын құрады. Бұған қосымша якобсонов органы болады. Бұл ауыз ішіндегі тамақтың иісін айырады. Кесірткелер тілін аузынан шырарып, кейбір заттарға тигізеді. Тілін шығарғанда иісі бар заттың ұсақ түйірі тіліне жабысады да, қайтадан тілін аузына ендіргенде тілімен бірге енген заттан якобсонов мүшесі арқылы оның иісін “аңғарады”, айыра біледі.
Дыбыс органдары.Рептилилерде қос мекенділер сияқты ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады. Ортадғы құлақта бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Жарғақты лабиринт иірімдері жіктеліңкі-реген, оның ішінде мүйіз тәрізді иірімді байқауға болады, ол көпшілігінде қалта тәрізді өсінді түрінде болады.
Олардын, көздерінің қозғалымды қабақтары болады. Оның төменгісі жақсы дамыған, тез қозғалады. Көзінің алдыңғы бұрышында көзін ашып, жұматын — үшінші қабағы болады. Жылан мен гекконның төменгі және жоғарғы қабақтары мөлдір болады және бірімен-бірі бірігіп кеткен. Көзінің құрылысында заттарды әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделушілік байқалады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: Бауырмен жорғаушылардың жалпы сипаттамасы.
Бауырымен жорғалаушылардың сыртқы құрылысы.
Бауырымен жорғалаушылардың ішкі құрылысы
Ұсылынған әдебиеттер: Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.- Алматы:Эверо,2011.-400б.