Сабақ тақырыбы. Кіріспе. Омыртқасыздар зоологиясы жеке ғылым ретінде. Сабақ жоспары



бет48/56
Дата17.04.2023
өлшемі177,48 Kb.
#83523
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56
Тыныс органдарының — өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа ішкі органдарға қарағанда анағұрлым күштірек және өте айқын көзге түседі.
Көмекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей деп
атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен тұрады. Бұл жоғаргы көмекейдің дыбыс шығаруға ешбір қатысы болмайды.
Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек дана құстарға тән ерекшелік. Төменгі көмекей кеңірдектің екі өкпеге тарамдалатын жеріне орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес сақина бар.
Ауа қапшықтарының ең басты маңызынын, бірі құстар ұш-қанда, олардың тыныс алу механизмін реттейді.
Қан айналу органдары. Құстардың жүрегі төрт бөлімнен тұрады. Оның жоғарғы екеуін жүрекше, ал төменгі екі бөлімін қарыншасы дейді. Өкпеде тотыққан қан өкпе денасы арқылы сол жүрекшеге, одан сол қарыншаға құйылады. Сол қарыншадан жалғыз оң жақ қолқа шығып, өз тарапынан екі атсыз артерияға тарамдалады, ал қолқаның негізгі бөлімі оң жақтағы бронханы айналып, дененің арқа бөліміне қарай созылып барып, одан ішкі органдардағы артерияларра тарамдалады да омыртқа жотасының астыңғы жарын қуалай отырып, арқа қолқасына айналды. Жүректің оы, жақ қарыншасынан бір ғана сабақпен басталатын қолқа келешекте екі өкпе артериясына тарамдалады.
Құйрық венасы екі бүйрек қақпа веналарына жіктеледі. Сонымен денесінің артқы бөлімінен жиналып келген вена қаны артқы
қуыс вена арқьпы жүректің оң жүрекшесіне келіп құйылады.
Шықшыт веналары бұғана асты веналарымен қосылып ал-дыңғы қос қуыс венаға айналады. Бас жақтан жиналған қан осы веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады.
Құстарда артерия және вена қан тамырларының өз алдына жіктелуінің нәтижесінде барлық органдары артерия қанымен қамтамасыз етіліп отырады. Осы жағдайға сәйкес және қан ағысының тездігіне, ал онымен бірге зат алмасуының жеделдігіне байланысты құстардың денесшің температурасы жоғары болады (42°).
Нерв системасы. Рептилилермен салыстырғанда құстардың орталық нерв системасы біршама күрделі. Бұл құстардың тіршілік еткен ортаеымен қарым-қатынасының күрделігіне байланысты. Миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңары басқа ми бөлімдерінен айрықша үлкен. Бірақ, рептилилердікі сияқты алдыңғы миының көпшілік бөлімі жолақ денеден құралған.
Жұлыны иық және бел маңайында, рептилилердегі сияқты жалпақ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет