Ас қорыту органдары. Осы заманда тіршілік ететін кұстар-дың тісі болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұстауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты тұм-сығы атқарады. Әрбір құстардың қоректену тәсіліне және қабылдайтын азықтарының түріне қарай тұмсығының формасы да түрліше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы тө-мен қарай иілген, тұмсығының көпшілік жері қалың мүйізді затпен қапталған. Дәнмен қоректенетін қүстардың тұмсығы дәнді шоқып, теріп жеуге икемделудің нәтижесінде біз тұмсықты болып келеді. Қаздардың тұмсығы жалпақ, сырты мүйізді пластинкамен қапталған. Бірқазандардың тұмсығының астыңғы бөлімінде ұстаған балықтарын салатын тері “қалтасы” болады.
Жыртқыш кұстардың сілекейлері, қоректік заттарын жұмсатып оның шыланған кесегі өңешінен кептелмей, бөгетсіз жылжуына себепкер болады.
Кейбір құстардың (тауықтардың, көгершіндердің т. б.) өңе-шінде азықтық заттарын
уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын (қуыс) кеңістік болады, оны — жемсау деп атайды. Көгершіндер балапандарын шығарған кезде, жемсауының ішкі қабатынан “сүт” деп аталатын майлы бөртбе тәрізді зат шығады, онымен олар балапандарын қоректендіреді.
Құстардың бауыры үлкен және екі бөлімнен кұралады. Өт көпшілік кұстарда болады, ал көгершіндердің өті болмайды. Өт жолы он екі елі ішекке келіп ашылады.
Қорыта келгенде, ас қорыту системасының мына ерекшелік-терін көрсетуге болады: 1. Тістерінің болмауы, тісінің қызметін бірқатарында қатты тұмсықтары, бірқатарында ет қарындары атқарады. 2. Ішектерінің қысқарақ болуы (егер шөп жейтін сүт қоректілердің ішектерінің ұзындығы денесінен 20 есе ұзын болады десек, ал өсімдік тектес заттармен қоректенетін тауық тұқымдастарының ішегі өздерінің денесінен 4-ақ есе ғана ұзын болады). 3. Құстардың тісінің болмауы —ішегінің қысқа, қар-нының екіге бөлінуіне әкеліп сокқан. 4. Артқы ішектерінің, тоқ ішек және тік ішекке жіктелмеуі, денесін жеңілдетуге бейімделу деп қарау керек. Өйткені, тік ішектің негізгі қызметі коректік зат қалдығының уақытша тоқталып тұру және оның ішіндегі артық суды сіңіру болып саналады.