Сезім органдары. Құстардың есіту органдары рептилилердікі сияқты ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады. Бірақ, құстар-дың кұлақ қуысы рептилилердікінен гөрі күрделі. Евстахиев түтігі жұтқыншақ қуысына жалпы бір тесікпен келіп жалғасады. Есіту сүйегі біреу болады, дабыл жарғағы тері жамылғы- сының астында, сыртқы құлаққа ұқсас ояздау жерге орналас-қан. Қейбір түн құстарында (үкілерде) бұл ояз жердің қуысы үлкен, оның айналасында дыбысты күшейтуге бейімделген жұқа тері қабаты болады. Жалпы алғанда,
құстар жақсы естиді. Құстардың кұлағы, көзімен бірге негізгі сезім органдары болып саналады. Құстар өздеріне төнген кауіп-қатерді ен, алдымен құлақтары арқылы сезеді.
Зәр шырару органдары. Құстардың ұрықтарында мезоне-прос-дене (теsеперһгоs) бүйрегі болса, ересектерінде мет-анепрос-мықын бүйрек деп аталатын бүйрегі (теtаперһгоs) болады. Әр бүйректен клоаканың орта бөліміне барып ашылатын несеп түтігі шығады. Ересек кұстардың қуығы бол-майды; ал ұрықтарында, рептилилердің ұрығында болатын — аллонтоис сияқты қуық болса, тіпті кейбір құстарда бір жасқа дейін қуықтың жұрнақтары сақталады. Денесімен салыстырғанда, кұстардың бүйрегінің көлемі, рептилилер мен сүт қоректілердің бүйрегінен де үлкен болады Құстар бүйрегінің үлкен болуы, олардың денесінде зат алмасу процесінің актив жүруіне байланысты.
Құстардың несебінде белокты заттың қалдығы көп болады және сүт қоректілердегідей мочевинадан тұрмай, негізінен несеп қышқылынан тұрады.
Жыныс органдары. Аталық жыныс бездері бұршақ пішіндес, екі бүйрегінің үстіңгі жағында шарбы майына ілініп түрады. Жыл маусымының өзгеруіне қарай, олардың көлемі де өз-гереді. Мысалы, көбею кезінде қара торғайдың жыныс безі алғашқы көлемінен 1500 есе үлкейеді. Аталық жыныс безінің ішкі жағындағы жиегінде жетілмеген
өсінді қосалқысы. (еріdіdутіs) болады, ол ұрықтың дене бүйрегінің алдыңғы бөліміне ұқсайды. Олардың әрқайсысынан тұқым түтігі шығады (vаз dеfе-гепs) да ол несеп ағармен қатарласа отырып, клоакаға барып енеді.
Аналық безінің (оvагіа) басқа органдар сияқты белгілі дұрыс пішіні болмайды. Жұмыртқа жолының (tиЬае иtегіпае) бір ұшы клоакаға келіп ашылды да, екінші ұшы воронка арқылы дене қуысына келіп ашылады. Жетілген жұмыртқа, дене қуысынан түтіктің воронкасына түседі де, оның бойымен қозғалады
Жұмыртқа. Қалыптасқан жұмыртқа күрделі дене болып са-налады. Әдетте нағыз жүмыртқа деп оның ішіндегі сары уызын айтады. Жұмыртқаның басқа қосымша бөлімдері (мысалы белок) жүмыртқа безінде емес, жұмыртқа жолында пайда болған қабаттары деуге болады.
Құс жұмыртқасының сары уызы көп болады. Оған қосымша жұмыртқаның құрамындағы май да, тотыққанда өзінен су тамшыларының бөліп шығарады, мысалы, тауық жұмыртқасының, сары уызынын, құрамында: су — 50%, май— 23%, протеиндер — 16%, липоидтер 11% болады. Қаздардың жұмыртқасының сары уызының құрамында: су — 44%, май — 36%, протеиндер — 17%, басқа заттар — 3%
болады.
Жұмыртқаның сары уызының сыртында мөлдір жартылай сұйық (белок) деп аталатын екінші жұмыртқа қабаты болады. Оның сырты екі жұқа пергаментті қабықпен қапталған. Жұ-мыртқаның мокал ұшында температура өзгерген кезде оның көлемі өзгеруіне мүмкіндік беретін айтылған екі қабаттың ара-сында ауа болады.