Сабақ Тақырыбы: Клетканы зерттеу әдістері. Микроскоптың түрлері құрылысы, пайдалану тәртібі



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата22.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#51779
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
 
 
27-сурет. Сәбіз (А) және қызанақ (Б) клеткаларындағы хромопластар: 1-клетка қабығы; 
2-май тамшылары; 3-каротин кристалы; 4-цитоплазма; 5-вакуоль; 6-хромопластар; 7-
клеткааралық зат; 8- ядро. 
 
 
3-ші тапсырма: Микросуреттерді қарап пластидтердің түрлерін, құрылысын 
анықтап, суретін салу. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Пластидтер, олардың ерекшеліктері. Құрылымы және биологиялық маңызы. 
2. Пластидтердің түрлерін және олардың бір-бірінен айырмашылығын атаңыз? 
3. Фотосинтездің маңызы неде? 
4. Ламелла, грана, тилакоид деген атауларға сипаттама беріңіздер. 
 
 
 


№ 11 зертханалық сабақ 
 
Тақырыбы: Клетканың қозғалыс органдары 
 
Мақсаты: Қарапайымдылар мен омыртқалы жануарлардың қозғалыс органдарының 
микроскопиялық құрылысын зерттеу 
28-сурет. Клетканың кірпікшелері. Егеуқұйрық кеңірдегінің дистальды бөлімінің кірпікшелі 
эпителиоциттерінің электроиды микросуреті А-клетка кірпікшелерінің көлденең кесіндісі
х 96000. 
1-клетка қабығы (цитолемма); 2-кірпікшенің цитоплазмасы; 3-шеткі қос 
микрофибриллалар; 4-орталық, кос микрофибрилла; (Шестранд бойынша). 
1-ші тапсырма: Айқұлақ ішегінің кірпікшелі эпителийі. Темірлі гемотоксилинмен 
боялған. Микроскоптың кіші көрінісіне қойып, цилиндр тәрізді эпителий клеткаларын 
табыңыздар. Содан кейін үлкен ұлғайтқышқа ауыстырып, сол клеткалардың апикальді 
жағында орналасқан көптеген кірпікшелерді көресіздер. Сол кірпікшелердің 
әрқайсысының астында бір-бірден базальды денешік орналасқан.
Көрген клеткаларыңыздың суретін салып белгілерін қойыңыздар (29-сурет).
 
 
29-сурет. Ішек эпителиоциттерінің апикальды бетіндегі бүрлер. Электронды микросурет.
х 16000. 1-сору, сіңіру жиектерін (каемкаларын) түзетін клеткалардың микробүрлері; 2-


байланыстырушы пластинка; 3-клеткалардыц шекаралары; 4-митохондриялар; 5-
лизосома; 6-эндоплазмалық тор (Родин атласынан). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет