№ 12 зертханалық сабақ Тақырыбы: Интерфазалық ядро Мақсаты: 1.Ядроның микроскопиялық құрылысын зерттеу.
2. Ядроның клеткадағы атқаратын қызметін түсіну.
31-сурет. Ядроның құрылысы: 1-ядро қабықшасы; 2-поралар; 3-хроматин; 5-ядрошық; 7- кариоплазма; 8-перинуклеар кеңістігі 1-ші тапсырма: Аксолотльдің қара бауыр клеткасы. Гемотоксилин-эозинмен
боялған. Микроскоптың кіші ұлғайтқышына қойып зерттеп, жақсы көрінетін жерлерін
тауып, содан кейін үлкен ұлғайтқышпен қарап, көргендеріңіздің суретін салыңыздар: 1)
ядро қабықшасы; 2) ядрошықтар; 3) нуклеоплазма; 4) хроматин түйіршіктері.
2-ші тапсырма: Бақа қанының жағындысы.Гемотоксилин-эозинмен боялған.
Микроскоптың кіші ұлғайтқышына қойып зерттеп, содан кейін үлкен ұлғайтқышқа
ауыстырыңыздар. Клетканың ортасында орналасқан ірі ядроны көресіздер, цитоплазмасы
ашық түсті. Суретін салып белгілейтіндеріңіз: 1) ядро; 2) цитоплазма; 3) плазмолемма.
3-ші тапсырма: Адам қанының жағындысы. Бұл препаратта бірден көзге түсетіні
– эритроциттердің клеткаларының ядросының жоқтығы. Яғни, сүтқоректілер класының
эритроциттерінде ядросы болмайды. Микроскоптан көрген клеткалардың суретін салып,
белгілеңіздер (32-сурет). 32-сурет. Адам қанының жағындысы. Бояуы: Романовский - Гимза әдісі бойынша. х900. 1- эритроциттер;2-лимфоциттер (ұсақ, ірі); 3-моноцит; 4-нейтрофильді лейкоциттер; 5-эозинофильді лейкоциттер; 6-базофилъді лейкоцит; 7-қан пластинкалары (тромбоциттер) (И.В. Алмазов, Л.С. Сутулов бойынша).