Сабақ Тақырыбы: Клетканы зерттеу әдістері. Микроскоптың түрлері құрылысы, пайдалану тәртібі


-ші тапсырма: Қарақұмық өсімдігінің хромосомалар жиынтығы



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата22.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#51779
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
2-ші тапсырма: Қарақұмық өсімдігінің хромосомалар жиынтығы. Препарат 
жасау әдісі жоғарыда көрсетілгендей. Микроскоп арқылы қарағанда кейбір клеткаларда 


хромосомалар көрінеді. Бұл клетка бөлінуінің метафаза кезеңі. Хромосомалар жиынтығы - 
36. Олар цитоплазмада жайылып жатқандықтан, зерттеуге болады. 
3-ші 
тапсырма: 
Скерда 
өсімдігінің 
хромосомаларының 
клеткадағы 
тетраплоидты (4п) жиынтығы. Препарат жасау тәртібі жоғарыда көрсетілгендей. 
Крепис өсімдігінің (тұқымын) тамыр өскіні термостатта 2-3 мм болғанша өсіріп, содан соң 
12 немесе 24 сағатқа 0,01% колцихин ертіндісіне қояды. Колцихин ерітіндісінің клетка 
бөлінуінің анафаза кезеңінде ұршық жіпшелеріне әсер етуіне байланысты. 
Хромосомалар полюстерге тартылмай қалады. Осының нәтижесінде клеткада 2 еселенген 
хромосомалар жиынтығы түзіледі. Мұндай жиынтықты тетраплоидты дсйді. 
4-ші 
тапсырма: 
Адам 
хромосомаларының 
диплоидты 
жиынтығы. 
Микроскоптың көмегімен препаратты көрген кезде, клеткалар бөліну кезеңінде екені 
байқалады. Клетканың шекарасы білінбейді. Цитоплазмада таяқша тәрізді хромосомалар 
және хромосомалардың жинағы көрінеді. Хромосомалар К-митоз (колцихиннің) әсерінен 
ұршық жіпшелер оларды клетка полюстеріне тарта алмаған формасы-Х тәрізді болады. 
Хромосомалар бір-біріне формасы (пішіні) жөнінен ажыратылады. Кариотипте 
метацентрлі, субметацентрлі, акроцентрлі хромосомалар кездеседі. Хромосомалардың 
жалпы саны - 46. Хромосомалар жұп болады. Ал жыныстық хромосомалар тақ болып, 
формасы метацентрлі және акроцентрлі болады. Студенттер препараттан хромосомалар 
жиынтығын анықтап, суретін салып жұптарын іздестіру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет