Сабақ Тақырыбы: Клетканы зерттеу әдістері. Микроскоптың түрлері құрылысы, пайдалану тәртібі



Pdf көрінісі
бет16/22
Дата22.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#51779
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Зертханалык жумыс (1)

№ 12 зертханалық сабақ 
 
Тақырыбы: Интерфазалық ядро 
 
Мақсаты: 1. Ядроның микроскопиялық құрылысын зерттеу. 
2. Ядроның клеткадағы атқаратын қызметін түсіну. 
31-сурет. Ядроның құрылысы: 1-ядро қабықшасы; 2-поралар; 3-хроматин; 5-ядрошық; 7-
кариоплазма; 8-перинуклеар кеңістігі 
 
1-ші тапсырма: Аксолотльдің қара бауыр клеткасы. Гемотоксилин-эозинмен 
боялған. Микроскоптың кіші ұлғайтқышына қойып зерттеп, жақсы көрінетін жерлерін 
тауып, содан кейін үлкен ұлғайтқышпен қарап, көргендеріңіздің суретін салыңыздар: 1) 
ядро қабықшасы; 2) ядрошықтар; 3) нуклеоплазма; 4) хроматин түйіршіктері. 
2-ші тапсырма: Бақа қанының жағындысы. Гемотоксилин-эозинмен боялған. 
Микроскоптың кіші ұлғайтқышына қойып зерттеп, содан кейін үлкен ұлғайтқышқа 
ауыстырыңыздар. Клетканың ортасында орналасқан ірі ядроны көресіздер, цитоплазмасы 
ашық түсті. Суретін салып белгілейтіндеріңіз: 1) ядро; 2) цитоплазма; 3) плазмолемма. 
3-ші тапсырма: Адам қанының жағындысы. Бұл препаратта бірден көзге түсетіні 
– эритроциттердің клеткаларының ядросының жоқтығы. Яғни, сүтқоректілер класының 
эритроциттерінде ядросы болмайды. Микроскоптан көрген клеткалардың суретін салып, 
белгілеңіздер (32-сурет). 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
32-сурет. Адам қанының жағындысы. Бояуы: Романовский - Гимза әдісі бойынша. х900. 1-
эритроциттер;2-лимфоциттер (ұсақ, ірі); 3-моноцит; 4-нейтрофильді лейкоциттер; 
5-эозинофильді лейкоциттер; 6-базофилъді лейкоцит; 7-қан пластинкалары 
(тромбоциттер) (И.В. Алмазов, Л.С. Сутулов бойынша). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет